gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысы жаңа зауыттармен толығады

20 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысы жаңа зауыттармен толығады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту және шетелдік инвестиция тарту мәселелерін стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап келеді. Президент өңірлердің индустриялық әлеуетін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу және тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру міндетін қойған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровнің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары және шетелдік әрі отандық инвесторлар қатысты. Күн тәртібінде 2026 жылы іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар таныстырылып, өңірлердегі инвестициялық жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Жиынды ашқан облыс әкімі инвестициялық жобалардың өңір экономикасын дамытудағы маңызына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

– Әрбір аудан, қала әкімі мен жауапты басқарма басшылары инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беруі қажет. Бүгінгі мәжілісте мәселелер ашық айтылып, тиісті шешімдер қабылданады. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Сіздердің жобаларыңыз жүзеге асып, облыс экономикасының дамуына серпін береді деп сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Штаб отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын өндіріс жобасы ұсынылды. Мұнда ПВХ құбырларына арналған арматуралар, ленталар, тамшылатып суару құбырларын өндіруге қажетті жабдықтар және тоқылған су шлангтері шығарылмақ.

Сонымен қатар Сауран ауданындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын бірнеше өндірістік жоба қаралды. Олардың қатарында BOSHIRAN XINJIANG компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру және шығару жобасы, Lihua Group ЖШС-нің карбамид тыңайтқыштары мен мақта майын өндіру зауыттары, сондай-ақ BAKS Innovations Inc. — CAESG Platform компаниясының биомассаны терең өңдеу және көміртегін байланыстыру инновациялық кешені бар.

Бұдан бөлек, Yassy Energy ЖШС-нің трансформаторларға арналған гофрленген қабырғалар, қақпақтар және магнитөткізгіштер өндіретін зауыт жобасы таныстырылды. Аталған жобаларды жермен және инфрақұрылыммен қамту мәселелері талқыланып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар және 2025 жылы шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері тыңдалды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев өңірлердегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі инвесторларға өңірге деген сенімі мен белсенді жұмыстары үшін алғыс білдіріп, әрбір жобаның іске асырылу барысы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Сондай-ақ жауапты мекемелерге инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6 пайызды құрады. Өткен жылы жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл да осы қарқынды сақтап, облысқа 1,7 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл көрсеткішке жалпы құны 369 миллиард теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы қол жеткізу жоспарланған. Атқарылған жұмыстар өңірдің макроэкономикалық даму динамикасына тікелей оң әсерін тигізді.

Осы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 125,2 пайызды құрап, Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға шықты. Өңірдің даму әлеуетін ескере отырып, 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,7 триллион теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Нәтижесінде 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 100 миллиард теңге салық түседі деп күтілуде.

Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру есебінен алдағы бес жылда жалпы өңірлік өнім көлемін 2,7 есеге арттыру, ал өзіндік кірістерді 2,3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, өндірісі дамыған, инвестиция тартуға қолайлы әрі халықтың әл-ауқаты тұрақты өсетін қуатты өңір қалыптастыру.

Previous Post

Таза Қазақстан: Түркістанда мәдениет қызметкерлері тазалық акциясын өткізді

Next Post

Президент тапсырмасы: Түркістанда 10 жаңа автобус ел игілігіне берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz