gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түркістанда 10 жаңа автобус ел игілігіне берілді

20 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түркістанда 10 жаңа автобус ел игілігіне берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халыққа қолайлы әрі сапалы қоғамдық көлік жүйесін қалыптастыру өңірлерді дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағытта Түркістан қаласында жолаушы тасымалы саласын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде жолаушы тасымалы саласында қызмет көрсетіп келе жатқан «Жолаушы» ЖШС-нің 60 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада қала тұрғындарының игілігіне 10 жаңа автобус табысталды.

Салтанатты жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев қатысып, мекеме ұжымын мерейтоймен құттықтады.

Іс-шара барысында қала әкімі қоғамдық көлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы бес жыл ішінде салаға 8 млрд 403 млн 450 мың теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар, 896 млн теңгеге ұзындығы 11 метр болатын 10 гибридті автобус сатып алынып, бүгінде тұрғындар игілігіне беріліп отыр.

— Қазіргі таңда шаһардағы қоғамдық көліктер толықтай жаңартылды. Бұл – тұрғындарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсету бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесі, — деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Айта кетейік, «Жолаушы» ЖШС-нің негізі 1966 жылы Түркістан таксомотор паркі ретінде қаланған. 1999 жылдан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда мекеме қала бойынша 16 бағытта қызмет көрсетіп, 350-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Автопаркте жалпы саны 183 автобус бар. Қоғамдық көліктер бейнебақылау камераларымен, ауа баптау жүйелерімен, электронды билет құрылғыларымен және заманауи төлем жүйелерімен жабдықталған. Бұл жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысы жаңа зауыттармен толығады

Next Post

Президент тапсырмасы: Ордабасыда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz