gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Ордабасыда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алды

20 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Ордабасыда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық салада су ресурстарын тиімді пайдалану және ағын суды үнемдейтін озық технологияларды кеңінен енгізу мәселесіне ерекше назар аударуда. Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда еліміздің өңірлерінде су тапшылығының алдын алу, егіс алқаптарының өнімділігін арттыру және заманауи суару әдістерін енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Бадам ауыл округінің халқымен кездесуінде аудан көлемінде су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, 2025 жылы Ордабасы ауданы бойынша жалпы көлемі 1 595 гектар егістік алқапқа жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері енгізілген. Бұл технологиялар ағын суды тиімді пайдаланып қана қоймай, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Бадам ауыл округінде 60 гектар жерге жаңбырлатып суару, ал 26,5 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Заманауи суару тәсілдері арқылы су шығыны азайып, егіс алқаптарының сапалы суарылуына қол жеткізілуде. Сонымен қатар, биыл аудан көлемінде тағы 2 580 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Аудан басшысының мәліметінше, су үнемдеу технологияларын енгізу барысында шаруалардың шығындарының 80 пайызына дейін мемлекеттік субсидия қарастырылған. Мұндай қолдау ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды кеңінен енгізуге және шаруалардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері суды үнемдеумен қатар, топырақтың құнарлылығын сақтап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруға оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде аграрлық саланың тұрақты дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Түркістанда 10 жаңа автобус ел игілігіне берілді

Next Post

Таза Қазақстан: Сарыағашта «Жастар аллеясы» тазартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz