gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сарыағашта «Жастар аллеясы» тазартылды

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сарыағашта «Жастар аллеясы» тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елімізде барлық өңірлерінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстар қызу жүргізілуде. Осы игі бастама аясында жуырда Сарыағаш ауданында  Жастар аллеясы аумағында кең көлемді абаттандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасының басты мақсаты – қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және жастарды туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында аллея аумағы күл-қоқыстан толықтай тазартылып, жасыл желектер мен ағаштар суғарылды. Сонымен қатар, шөптер шабылып, жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, демалыс аймағының көркі жаңаша ажарлана түсті.

Аталған іс-шараға белсенді жастар, еріктілер және қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Олар қоғамдық орындарды таза ұстау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, қала тазалығына бейжай қарамауға шақырды. Жастардың белсенділігі мен ұйымшылдығы көпшілікке үлгі болып, туған өлкені көркейту жолындағы жауапкершіліктің маңызын айқындай түсті.

Іс-шара барысында тұрғындар мен жастарға табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар қоршаған ортаның тазалығы адам денсаулығы мен қоғам мәдениетінің айнасы екенін айтып, тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналуы қажеттігін жеткізді.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Ордабасыда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқын алды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz