gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түркістандық жылыжайлар маусымаралық кезеңде ел сұранысының 45 пайызын қамтамасыз етеді

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түркістандық жылыжайлар маусымаралық кезеңде ел сұранысының 45 пайызын қамтамасыз етеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент ауыл шаруашылығына инновация енгізіп, өңірлердің өндірістік әлеуетін арттыру арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда.

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша республикадағы жетекші өңір саналады. Қазіргі таңда еліміздегі жылыжайлардың 72 пайызы осы облыстың аумағында орналасқан. Жалпы көлемі 1 006,7 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай жұмыс істейді. Оның ішінде 62,5 гектар аумақты қамтитын 17 өнеркәсіптік жылыжай және 944,2 гектардағы фермерлік бағыттағы 3 503 жылыжай бар.

Өткен жылы өңірде 113 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде республика тұрғындарының көкөніс өнімдеріне деген сұранысының 45 пайызы қамтамасыз етілуде.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мақсатында 2023 жылдан бері электр энергиясы, газ және көмір шығындарын ішінара субсидиялау шаралары қолға алынған. Атап айтқанда, өнеркәсіптік жылыжайлардың әр гектарына 4,8 миллион теңге, ал фермерлік жылыжайларға 8,1 миллион теңге көлемінде субсидия төленуде. Сонымен бірге минералды тыңайтқыштардың құнын арзандату, тұқым шаруашылығын қолдау, инвестициялық субсидиялау және жеңілдетілген несие беру тетіктері тұрақты іске асырылып келеді.

Дегенмен бүгінде отандық жылыжай шаруашылықтары сыртқы нарық тарапынан елеулі бәсекелестік қысымға ұшырап отыр. Өзбекстан, Түрікменстан және Иран елдерінде көкөніс өндірісінің өзіндік құны төмен әрі мемлекеттік қолдау деңгейі жоғары болғандықтан, ішкі нарықтағы баға бәсекесі күшейген. Соның салдарынан қазақстандық жылыжай иелері қызанақ өнімдерін кей жағдайда өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына әсер етіп, өндіріс көлемінің қысқаруына, инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуіне және жұмыс орындарының азаюына алып келуі мүмкін.

Соған қарамастан Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтары ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Өңір шаруалары маусымаралық кезеңде халық сұранысын өтеуге жеткілікті өндірістік әлеуетке ие.

Сонымен қатар Қазақстанның фермерлік жылыжайлар қауымдастығы мен өңірдегі шаруа қожалықтары әлеуметтік жауапкершілік аясында арнайы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, олар сәуір-мамыр айларында халықты көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге, бағаны қолжетімді деңгейде ұстап тұруға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге міндеттенді.

Осыған байланысты отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Үкіметке бірқатар маусымдық шараларды енгізу ұсынылуда. Атап айтқанда, сәуір-маусым айлары аралығында үшінші елдерден импортталатын көкөніс өнімдеріне кедендік баж салығын арттыру және маусымаралық кезеңде импортқа квота енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Мамандардың пікірінше, бұл шаралар ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға, отандық жылыжай шаруашылықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Шұбар ауылындағы өндіріс орны ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін беруде

Next Post

Президент тапсырмасы: Жетісайда ветеринариялық нысандардың құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz