gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Шұбар ауылындағы өндіріс орны ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін беруде

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Шұбар ауылындағы өндіріс орны ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін беруде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, отандық өндірісті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес ауылдық жерлерде өндіріс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар бүгінде жүйелі түрде жүзеге асуда.

Жақында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауылындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Алдымен аудан басшысы КХ ЕРНАР өндірістік цехына барып, кәсіпорындағы өндіріс үдерісін көрді. Бүгінде бұл өндіріс орны ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға және жергілікті өндірісті дамытуға өзіндік үлес қосып келеді.

Қазіргі таңда кәсіпорында 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда көрпе-төсек, жастық, одеяло, синтепон, синтепух, холофайбер және мақта өнімдері өндіріледі. Өндірілген өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіліп, ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын Қытай, Түркия және Иран елдерімен тікелей байланыс орнатып, халықаралық деңгейде де жұмыс жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Бұдан бөлек, балабақшалардан арнайы тапсырыстар қабылданып, әлеуметтік салаға қажетті өнімдер тұрақты түрде жеткізілуде.

Кездесу барысында цех басшысы Ергали Айдарұлы аудан әкіміне өндіріс барысын таныстырып, алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Азат Оралбаев мұндай өндіріс орындары өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға және кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

Мұнан соң аудан басшысы ауылдағы ауызсу мәселесімен танысып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелер мен аяқжол құрылысының барысын көрді. Жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бүгінде Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мұндай жобалар ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасауда.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Ордабасыда өндіріс өркендеп келеді

Next Post

Президент тапсырмасы: Түркістандық жылыжайлар маусымаралық кезеңде ел сұранысының 45 пайызын қамтамасыз етеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz