gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Ордабасыда өндіріс өркендеп келеді

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Ордабасыда өндіріс өркендеп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент атап өткендей, өңірлерде өндіріс орындарын ашу жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, ел экономикасының тұрақты дамуына серпін береді. Осы бағыттағы жұмыстар Ордабасы ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Ауданның Шұбар ауылында орналасқан Ray Textile өндірістік цехы бүгінде өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жергілікті өндірістің дамуына өз үлесін қосып отыр. Осыған орай аудан әкімі Азат Оралбаев кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс орнын аралады.

Қазіргі таңда цехта 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда көрпе-төсек, жастықтар тігіліп, түрлі мақта өнімдері өндіріледі. Сапалы әрі сұранысқа ие өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіліп, тұтынушылар тарапынан жоғары бағалануда.

Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – халықаралық байланыстарды дамытуға ден қоюы. Бүгінде Ray Textile Қытай, Түркия және Иран мемлекеттерімен тікелей әріптестік байланыс орнатып, өнім өндіру мен шикізат жеткізу бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде өндіріс сапасын арттырып, кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, өндіріс орны әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға да белсенді атсалысуда. Атап айтқанда, балабақшалардан арнайы тапсырыстар қабылдап, әлеуметтік мекемелерді қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жергілікті кәсіпорындардың халық сұранысын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындай түседі.

Кездесу барысында аудан әкімі Азат Оралбаев мұндай өндіріс орындарының өңір экономикасын нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына да оң әсер етеді. Сондай-ақ, отандық өнім көлемін арттыру арқылы ішкі нарықты сапалы тауарлармен қамтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Ерғали Айдарұлы алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа құрал-жабдықтар сатып алу жоспарда бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, өнім сапасын арттыру және экспорт көлемін көбейту бағытында нақты жұмыстар жүргізілмек.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Шұбар ауылында инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар қарқын алды

Next Post

Президент тапсырмасы: Шұбар ауылындағы өндіріс орны ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін беруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz