gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Созақ ауданында “Жасыл мектеп” экологиялық жобасы жүзеге асырылуда

19 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Созақ ауданында “Жасыл мектеп” экологиялық жобасы жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Таза Қазақстан жалпыұлттық жобасы аясында елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы игі бастама шеңберінде Созақ ауданының бірқатар білім беру ұйымдарында KATKO компаниясының бастамасымен “Жасыл мектеп” экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2025–2026 оқу жылында 5 мектепті қамтитын жоба аудан орталығындағы А. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында бастау алды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Жоба аясында оқушылар қоқыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарына белсенді қатысуда. Бүгінге дейін мектеп оқушылары 1 321 келі қағаз, 102 келі пластик бөтелке, 56 келі пластик қақпақ және 52 келі алюминий қалдықтарын жинаған. Сонымен қатар, 30-дан астам экологиялық дәріс ұйымдастырылып, оқушылардың экологиялық білімін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткізілген эко-фестиваль барысында балалар пластик қалдықтарды қайта өңдеу процесімен танысып, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңызын тәжірибе жүзінде көрді. Мұндай шаралар оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтіп, экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етуде.

Алдағы уақытта экологиялық жобалар Сүгір Әліұлы атындағы мектеп, І. Кеңесбаев атындағы мектеп, Абай атындағы мектеп және Ж. Қаламбаев атындағы мектеп білім ошақтарында жалғасын табады. Айта кетейік, KATKO компаниясы Созақ ауданында бүгінге дейін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы 500-ге жуық жобаны жүзеге асырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Сауран ауданында балмұздақ өндіретін жаңа жоба іске аспақ

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда 2 миллион 8 мың 900 дана маусымдық гүл отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz