gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Биыл Сайрам ауданында 21 жоба жүзеге асырылып, 1232 адам жұмыспен қамтылатын болады

24 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Биыл Сайрам ауданында 21 жоба жүзеге асырылып, 1232 адам жұмыспен қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Ел экономикасын әртараптандыруда ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін күшейту негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде өндіріс көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жеке инвестицияны көбейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Сайрам ауданында да нақты нәтижелер байқалады.

Жалпы Сайрам ауданының экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы саласы. Сонымен қатар, мұнда өнеркәсіп секторында да оң динамика қалыптасқан.

Аудан бойынша өнеркәсіп саласында 86,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның 78 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болуы Сайрам ауданының өндірістік бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер жергілікті шикізатты өңдеу мен қосылған құнды арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесі екені айтылды.

Инвестиция тарту көлемі де айтарлықтай өсім көрсетіп, 181,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Маңыздысы, тартылған инвестицияның 90 пайыздан астамы жеке қаражат есебінен жүзеге асқан. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын аңғартады.

«Өткен жылы ауданда жалпы құны 30,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 570 жаңа жұмыс орны ашылған. Ірі жобалардың қатарында заманауи мал бордақылау алаңдары, ет өңдеу кешендері, арнайы көлік құрастыру зауыты және сусын өндіретін кәсіпорындар бар. Биыл да инвестициялық белсенділік жалғасып отыр. Аудан көлемінде жалпы құны 43,9 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар толық іске қосылған жағдайда 1232 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр» дейді аудан әкімі Мадияр Оразалиев.

Қорыта айтқанда, аталған бастамалар Сайрам ауданында ет экспорттау саласындағы әлеуетті нығайтып, өңірдің өндірістік мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Арыста аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтуде

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Арыста 50 мың басқа арналған ферма салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz