gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Түлкібас теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болады

21 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Түлкібас теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болады
Share on FacebookShare on Twitter

«Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржол саласын өркендетуге баса мән беремін, – деген еді Мемлекет басшысы теміржол саласының өкілдерімен кездесуінде. Президент айтқан бұл сөздер еліміздегі көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту ісінің маңызын айқындай түседі. Бүгінде өңірлерде теміржол нысандарын заман талабына сай қайта жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Соның бір айқын дәлелі ретінде Түлкібас станциясындағы жаңа теміржол вокзалының құрылысын айтуға болады.

Түлкібас ауданында халық игілігіне бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын заманауи теміржол вокзалының құрылысы бүгінде қызу жүргізілуде. Жақында аудан әкімі Асқар Естібаев құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жаңа вокзалдың құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба аясында ұзақ жылдар бойы халыққа қызмет еткен ескі вокзал ғимараты толықтай сүріліп, оның орнына қазіргі сәулет талаптарына сай, екі қабатты жаңа нысан бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары бүгінде жүйелі жүргізіліп, қазіргі таңда жобаның 75 пайызы аяқталған.

Мамандардың айтуынша, нысан ағымдағы жылдың қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа вокзал тек сәулеттік келбетімен ғана емес, жолаушыларға ұсынылатын қызмет сапасымен де ерекшеленбек.

Атап айтқанда, ғимарат ішінде кең әрі жайлы күту залы, ана мен бала бөлмесі, асхана, санитарлық тораптар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы қолжетімді орта қарастырылған. Бұл – тұрғындар мен жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шешімдердің бірі.

Сонымен қатар, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары да қатар қолға алынуда. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл жұмыстарды жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталып, «Ел Ынтымағы» мекемесіне сенім жүктелген.

Жергілікті әкімдік қаржыландыруы аясында жалпы көлемі 2544 шаршы метр аумаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде аумақты асфальттау, бетон жабындарын төсеу, заманауи жарық шамдарын орнату, кіші архитектуралық формаларды орналастыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою, автотұрақ аумағын таңбалау және қоршау жұмыстары қамтылған.

Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы маусым айында басталып, тамыз айында толық аяқталады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде вокзал маңындағы инфрақұрылымды ретке келтіріп, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Теміржол вокзалы жобасы тек жаңа ғимарат салумен шектелмейді. Жоба аясында жолаушылар қауіпсіздігі үшін маңызды саналатын өтпелі көпірді жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Атап айтқанда, көпірді сырлау, зақымданған бөліктерін қайта бетондау және толық реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстардың барлығы маусым айында бастау алады.

Жалпы, Түлкібас ауданындағы жаңа вокзал құрылысы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жобалардың бірі. Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан нысан аудан тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, елді мекеннің сәулеттік келбетін де айшықтай түспек. Сонымен қатар, бұл бастама Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту, көлік қатынасын жетілдіру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы тапсырмаларының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Теректі ауылында заманауи спорт зал салынуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Отырардың туристік әлеуеті таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz