gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан – халықаралық туризмнің жаңа тартылыс нүктесі

22 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан – халықаралық туризмнің жаңа тартылыс нүктесі
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында туризмді экономиканың жаңа драйверлерінің бірі ретінде дамыту қажеттігін үнемі атап келеді. Президент елдің тарихи-мәдени мұрасын тиімді пайдалану, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық туризмді дамыту арқылы өңірлердің әлеуетін арттыру міндетін қойған болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан бүгінде халықаралық туризмнің жаңа тартылыс нүктесіне айналып отыр.

Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті көне шаһардың халықаралық беделін жаңа деңгейге көтерді. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған қала бүгінде шетелдік туристер мен зияратшылардың ең көп ағылатын орталықтарының біріне айналып отыр. Саммиттен кейін Түркістанға деген қызығушылық күрт артып, демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындаған. Әуе рейстеріне сұраныс бірнеше есеге өсіп, қонақ үйлер мен демалыс орындарындағы бос орындар азайған.

Әсіресе, түркі жұртының қасиетті мекендерінің бірі саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында келушілер саны күн санап артып келеді. Зиярат етушілер мен саяхатшылардың көбеюі қаладағы тарихи-мәдени нысандардың маңызын одан әрі айқындай түсті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында Түркістан облысына келген туристер саны 500 мың адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға артқан. Оның ішінде шетелдік туристер саны 23 мыңға жуықтаған. Өңірге ең көп келген туристер қатарында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Германия елдерінің азаматтары бар. Орналастыру орындарының қызмет көрсету көлемі 8,5 миллиард теңгеге жеткен.

Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында өңірге келген туристер саны 70 мың адамды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 550 мыңға жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, тарихи нысандарға келушілер саны өткен жылы 1 миллионнан асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскен. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш 334,8 мың адамға жетті.

Халықаралық саммиттің нәтижесінде Түркістанның түркі әлеміндегі рухани әрі туристік орталық ретіндегі рөлі күшейе түсті. Бүгінде қалада 300-ге жуық қонақүй мен орналастыру нысаны, 300-ге тарта демалыс аймағы туристерге қызмет көрсетуде. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы жолаушылар легінің артуы өңірдегі туристік белсенділіктің жоғары қарқынын аңғартады.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта Түркістанға келетін туристер саны бұдан да арта түспек. Себебі көне шаһар бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде әлем назарын өзіне аударып келеді.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Жеңіс ауылында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда

Next Post

Президент тапсырмасы: Сарыағашта заманауи вокзал бой көтермек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz