gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Біртілек ауылдық округінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда

1 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Біртілек ауылдық округінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізуі жөніндегі Жарлығы – билік пен қоғам арасындағы ашықтықты арттыруға, азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеруге және мемлекеттік басқарудағы есептілікті күшейтуге бағытталған маңызды бастама. Осы талаптар аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндады.

Кездесу барысында аудан әкімі ауылдық округте инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар барлық елді мекендерде кезең-кезеңімен орындалуда. Атап айтқанда, электр желілерін жаңарту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Жолбасшы елді мекеніндегі Көктем көшесінде демеушілердің қолдауымен жаңа электр бағаналары орнатылып, толықтай жаңартылған желілер тартылды. Ал, Ораз ата елді мекеніндегі Ақбидай, Әділет және Ж.Батырбеков көшелерінде ескі электр бағаналары толық ауыстырылып, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда бұл аумақта жаңадан орнатылған 3 трансформатор іске қосылып, тұрғындар сапалы әрі тұрақты электр қуатын пайдалануда.

Инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстармен қатар жол жөндеу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде Ораз ата ауылының Әділет көшесінің бір тармағы орта жөндеуден өткізіліп, асфальт жабындысы төселді. Сонымен бірге, Жолбасшы ауылындағы Көктем мен Үштөбе көшелерінің тармақтары, Амангелді елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің тармақтары және Игілік ауылындағы Сұңқар көшесі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, шағал тас төселді. Бұл жұмыстар ауылішілік қатынасты жақсартып, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауда.

Ауыл көшелерін жарықтандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біртілек елді мекеніндегі Б.Тәшімбетұлы көшесінің 1,9 шақырымдық бөлігіне бюджет қаражаты есебінен 60 дана заманауи жарықшам орнатылып, түнгі қауіпсіздік деңгейі артты.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында да оң өзгерістер бар. Еңбекші елді мекенінде тұрғындар үшін аса маңызды жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етіп, денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы саласында да тұрақты даму байқалады. Көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, округ бойынша жалпы 3520 гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Егін шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында екі жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сонымен қатар диқандар үшін маңызды суару жүйелерін жақсарту бағытында жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайтын каналдар мен қашыртқы арықтар механикалық тазалаудан өткізілді.

Ашық форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді еркін көтеріп, инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі әрбір сауалға нақты жауап беріп, округтегі өзекті мәселелерді шешу бойынша жоспарлармен бөлісті. Атап айтқанда, ішкі жолдарды асфальттау мәселесіне байланысты округке қарасты 6 елді мекендегі 21 көшені (жалпы ұзындығы 32,78 шақырым), сондай-ақ Ораз ата ауылындағы 8,27 шақырымдық көшелерді орта жөндеуден өткізу бойынша құжаттар «Ұлттық жол активтері ұлттық орталығына» ұсынылып, оң қорытынды алынған. Қаржыландыру шешілген жағдайда бұл жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар, қауіпсіздік пен инфрақұрылым тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды жобалар дайындалуда. Амангелді, Шұқырсай және Ораз ата елді мекендеріндегі апатты жағдайда тұрған үш көпірді қайта салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек, Жолбасшы ауылы арқылы өтетін облыстық жол бойына 1350 метр, ал Еңбекші ауылындағы аудандық жол жиегіне 1000 метр аяқжол салу жобалары да дайындық сатысында.

Жалпы алғанда, Біртілек ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Мақтааралда мақта мен өсімдік майын өндіретін заманауи зауыт бой көтермек

Next Post

Президент тапсырмасы: Сауранда құны 1,1 миллиард теңгелік мал бордақылау кешені салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz