gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

30 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде кең қолдау табуда. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Осы игі бастама аясында Отырар ауданында сенбілік және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларға аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Жақында аудан орталығында өткен кезекті сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары, ерікті жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жаппай тазалық жұмыстары барысында жол бойындағы қоршаулар сырланып, әктелді, көшелер мен қоғамдық орындар күл-қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақтардағы арамшөптер оталып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік жұмыстары аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылынан басталып, Д.Алтынбеков, Н.Оңдасынов, С.Ерубаев және Қ.Төбасиев көшелерінде жалғасты. Бұдан бөлек, ауылдық округтер мен мекемелерге бекітілген аумақтарда да тазалық және абаттандыру шаралары қатар жүргізілді.

Жалпы аудан көлемінде өткен сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Мұндай жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізуде.

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу, көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу дәстүрге айналып келеді. Бұл бағыттағы шаралар қоғамдық орындардың тартымдылығын арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған республикалық акция алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, елді мекендердің көркеюіне, табиғатты қорғау мәдениетінің орнығуына және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қоса бермек.

Previous Post

Таза Қазақстан: Келес ауданында экологиялық сенбілік өтті

Next Post

Таза Қазақстан: Сайрам ауданында кезекті сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz