gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде «Домалақ ана» ансамблі ұлттық киіммен келіп дауыс берді

23 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебиде «Домалақ ана» ансамблі ұлттық киіммен келіп дауыс берді
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби ауданында Құрылтай сайлауы ұлттық құндылықтар мен өнерді дәріптеген ерекше көріністермен жалғасын тапты. Аудандық «Домалақ ана» ансамблінің 15 мүшесі ұлттық киімдерін киіп, сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Ансамбль мүшелерінің ұлттық нақыштағы киіммен дауыс беруі сайлау күнінің мазмұнын айшықтап, елдік маңызды шараны халқымыздың салт-дәстүрі және мәдениетімен сабақтастыра түсті. Әсем ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер ансамбль өкілдерінің қоғамдық ортадағы ерекше бейнесін қалыптастырды. «Домалақ ана» ансамблі — ауданның мәдени өміріне белсенді араласып, ұлттық өнерді насихаттап жүрген шығармашылық ұжымдардың бірі. Олардың сайлау учаскесіне бір құрамда келуі өнер адамдарының қоғамдық өмірге де белсенді қатысатынын көрсетті. Сайлау учаскесіндегі бұл көрініс тұрғындардың да назарын аударып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Өнер мен ұлттық дәстүр үндескен сәт Құрылтай сайлауын ел өміріндегі маңызды күн ретінде айшықтай түсті.
Айта кетейік, Төлеби ауданында 69 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 67-сі ашық, 2-еуі жабық нысанда. Аудан бойынша 70 328 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.
Previous Post

Құрылтай депутаттарының сайлау күні Кентау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Next Post

Түлкібаста «Арша» халықтық ұжымы ұлттық әндерді орындап, дауыс берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz