gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысында қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

20 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысында қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу бағытындағы жұмыстар тұрақты назарда. Өңірдегі ахуалды жан-жақты бағалау, ықтимал мәселелердің алдын алу және халықпен тиімді байланыс орнату мақсатында тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы бағыттағы міндеттерді талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға жауапты басқармалардың өкілдері, құзырлы органдардың басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысып, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың қазіргі жай-күйін талқылады.

Басқосудың негізгі мақсаты – облыс аумағында әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың көңіл-күйіне әсер ететін факторларды саралау және туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу тетіктерін жетілдіру. Сонымен қатар мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейтіп, халықтың талап-тілегіне жедел ден қою мәселелері де назарға алынды.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бірліктің ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар тек қалыптасқан жағдайды бақылаумен шектелмей, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді алдын ала анықтап, олардың шешілуіне белсенді түрде атсалысуы қажет.

Осы ретте халықпен ашық әрі тұрақты диалог орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде назар аудару маңызды. Әсіресе тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу барысында нақты жағдайға сүйеніп, әрбір мәселенің себеп-салдарын анықтау және тиісті шешім қабылдау қажеттігі айтылды.

— Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – бір ғана мекеменің міндеті емес, барлық мемлекеттік органдар мен жауапты құрылымдардың үйлесімді жұмысын талап ететін ортақ міндет. Сондықтан аудан, қала деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігін арттыру, тұрғындармен кері байланысты жандандыру және қоғамда туындаған мәселелерге бейжай қарамау маңызды, — деді Ертай Кенжебекұлы.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және қоғамдық орындарда тәртіп пен құқықтық мәдениетті сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Previous Post

Бөрте ханымның тарихи келбеті

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Төлеби ауданында тазалық пен көгалдандыруға ерекше мән берілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz