gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сауран ауданында 1,5 млрд теңгелік жиһаз фабрикасы салынуда

23 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сауран ауданында 1,5 млрд теңгелік жиһаз фабрикасы салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін үнемі атап келеді. Әсіресе, шикізаттық емес өндіріс салаларын өркендету мен отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осы міндеттер аясында Түркістан облысында өндірістік жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Соның бірі – Сауран ауданындағы Жүйнек ауылдық округінде салынып жатқан «YASSI» жиһаз фабрикасы. Жуырда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров өндірістік нысанның құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Кездесу барысында жоба жетекшісі Саид Бектас құрылыс жұмыстарының кезеңдері мен болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жөнінде мәлімет берді.

Инвестициялық жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орны 1,2 гектар аумаққа орналасқан. Жоба кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, өндірістік жабдықтар мен арнайы қондырғыларды орнату жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар өндірістік цехтар кезең-кезеңімен қалыптастырылып, кәсіпорынның ішкі инфрақұрылымы жасақталуда.

Жобаның ауқымдылығын арттыру мақсатында негізгі фабрикамен қатар, осындай үлгідегі қосымша үш өндірістік нысан салу жоспарланған. Нәтижесінде өндірістік кешен төрт нысаннан тұратын болады. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 150 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізілуінің маңыздылығын атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

— Жаңа жиһаз фабрикасының іске қосылуы Сауран ауданының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, өңдеу өнеркәсібінің дамуына және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтып, аудан экономикасына қосымша серпін бермек, — делінген Сауран ауданының әкімдігі таратқан ақпаратта.

 

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Созақ ауданында өткен жылдан бері 135 отбасы баспаналы болды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Бәйдібектегі екі елді мекенге табиғи газ берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check