gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында халықпен кері байланыс күшейтілді

21 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында халықпен кері байланыс күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен ашық диалог орнату, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерін шешу жұмыстары жүйелі жалғасуда. Осы бағытта Президенттің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бірқатар ауыл округінің тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді.

Кездесулерде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді баяндады. Аудан экономикасын дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Бөген ауыл округінде тұрғындар мәдениет үйін жөндеу, көшелерге асфальт төсеу, каналдарды тазалау және ауыл әкімдігіне жаңа ғимарат салу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ аяқжол салу, көшелерді жарықтандыру, ашық су құдықшаларын қалпына келтіру, ауызсу жүйесіндегі ақауларды жедел жою, газ құбырларына қызмет көрсететін мамандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік сыйымдылығын арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жеңіс ауыл округінде Мереке көшесін асфальттау, аялдама орнату және дренаж жүйесін тазалау мәселелері талқыланды. Қарақұм ауыл округінің тұрғындары Р-7 каналына қатысты мәселелерді, табиғи газға қосылмаған үйлерді газдандыруды, мал шомылдыру орнынан шығатын ағын суды реттеуді, жол белгілерін орнатуды және спорт кешенін салуды ұсынды.

Төрткүл ауыл округінде ауызсу сапасы мен жүйесінің жұмысы, суару каналдары, ағын су тарифі және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдетілген жанармаймен қамту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар елді мекеннің тазалығын сақтау үшін арнайы техникамен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Аудан басшысы ауылда биыл екі мектептің пайдалануға берілгенін, ауызсу жүйесін жаңғырту, көшелерді асфальттау және орталық саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бөржар ауыл округінде тұрғындар электр желілерін ретке келтіру, балалар ойын алаңшасын салу, мәдениет үйіне LED-экран орнату, көшелерді асфальттау, ардагерлерге демалыс орнын ашу және жол белгілерін сызу жөнінде өтініш білдірді. Ауылда Ынтымақ елді мекенінде 200 орындық мектеп, Ынтымақ пен Жамбылда балабақшалар, Ықыластемірде спорт кешені пайдалануға берілгені, бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Бадам ауыл округінде бағдаршамның істен шығуы, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, медициналық қызмет сапасы, теміржол өткелі мен аяқжол салу, қаңғыбас иттер мәселелері қозғалды. Ауданда ауызсу жүйесін жаңғырту жұмыстары алты елді мекенде күрделі, 11 елді мекенде ағымдағы жөндеу бағытында жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Аудан әкімі барлық кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, жауапты сала басшыларына мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Көтерілген өтініштер хаттамаға енгізіліп, орындалуы бақылауға алынды. Жұмыстардың қаржыландыру мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны түсіндірілді.

Кездесулерден кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарымен бірге көгалдандыру шараларына қатысып, бірқатар елді мекендегі ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты. Бөгенде 1000, Жеңісте 100, Қарақұмда 1000, Төрткүлде 1000, Бөржарда 50 түп шырша және Бадамда 1000 түп ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көшеттерді күтіп-баптау, тұрақты суару және олардың жерсінуін қамтамасыз ету міндеттері назарға алынды.

Сонымен қатар Бөген, Қарақұм және Төрткүл ауылдарындағы ауызсу жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысы тексерілді. Төрткүлдегі жобаның 65 пайызы орындалғаны айтылып, мердігерге құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау тапсырылды. Бөгенде жөнделіп жатқан су мұнарасының жай-күйі де назардан тыс қалмады.

Тұрғындармен кездесулер мен нысандарды аралау барысында көтерілген мәселелер ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі жүзеге асыруға және елді мекендердің көркін арттыруға бағытталған жұмыстардың алдағы жоспарын айқындауға мүмкіндік берді.

Previous Post

Беларусьте Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған көрме ашылды

Next Post

Түркістандық спортшылар биыл 361 медаль жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check