gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қоғамдық қабылдауда кентаулық тұрғындардың мәселелері қаралды

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қоғамдық қабылдауда кентаулық тұрғындардың мәселелері қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында болып, жеке және заңды тұлғалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Мирас Асқарбайұлы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ түріп, азаматтардың талап-тілектерінің жедел шешілу жолдарын қарастырды.
Арыз-шағымын арқалап келген Кентаулық тұрғындардың басым көпшілігі өздерін алаңдатқан тұрғын-үй, жер, су және әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын жолдап, ол бойынша толымды жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.
Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғын-үйге мұқтаждар есебінде тіркелген Гүлмира Әнетбекқызы кезектілік мәселесі бойынша өз жанайқайын жеткізсе, Меруерт Алиева жер учаскесінің пайдалануға берілмегендігін және басқа жер учаскесіне ауыстыру бойынша өтініштерін білдірді.
Сондай-ақ, Наталья Крылова есімді жергілікті тұрғын құбыр суының көтерілуі салдарынан тұрғын-үй құрылысына зиян келгендігін алға тартып, осыған орай тиісті мекемелер тарапынан көмек көрсетілуін және тәжік-ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы бір реттік әлеуметтік төлемақы төленбегендігін жеткізіп, осы мәселені бақылауға алуын сұрады.
Азаматтардың әрбір арыз-шағымына терең үңілген Мирас Асқарбайұлы аталған өтініштердің Департамент тарапынан назарға алынатынын және алдағы уақытта нақты шаралар атқарылатынын айтты.

Previous Post

Жыл қорытындысы жоғары бағаланды

Next Post

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz