gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Есімі мәңгі өшпейді, елім деп өткен ерлердің» атты тақырыпта іс-шара өтті. Қалалық С.Қожанов атындағы саябаққа жиналған көпшілік әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов Ауғанстан жерінде әскери борышын өтеген азаматтардың ерлігі мен еңбегі жоғары екендігін жеткізді. Жастар тәрбиесінде жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.
— Бүгін біз Ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 32 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды, — деді Төрехан Жақашұлы.
Қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі Ө.Жүсіпов және жастар атынан сөз алған Е.Жамалов жастарға патриоттық тұрғыда тәрбие беру жолында жасалып жатқан игі бастамаларды сөз етті.
Ауғанстан ардагерлері ұйымының төрағасы М.Ерназаров жыл сайын арнайы іс-шара ұйымдастырып, ардагерлерге қолдау көрсетіп келе жатқан қалалық әкімдікке алғысын айтты.
Көпшілік Ауғанстан жерінде бақилық болған ардагерлерді үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Previous Post

Қоғамдық қабылдауда кентаулық тұрғындардың мәселелері қаралды

Next Post

Жеті жыл бойы салынып жатқан жерасты автожолының құрылысы қыркүйекте аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz