gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеті жыл бойы салынып жатқан жерасты автожолының құрылысы қыркүйекте аяқталады

25 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Жеті жыл бойы салынып жатқан жерасты автожолының құрылысы қыркүйекте аяқталады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 7 жыл бойы салынып жатқан жерасты автожолының құрылысы қыркүйекте бітеді. Мердігер компания өкілдері «Жол активтері ұлттық сапа орталығына» осындай мәлімет берді. Құрылысшылар Боралдай тауын індете қазып, бір-біріне параллель екі тоннель салған. Толығымен гидроизоляциялық материалмен қымтап, арматурамен тоқып, бетонмен қаптап жатыр.
Бұл Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы шекарасындағы Шақпақ ата ауылының тұсы. Жалпы ұзындығы — 840 метр. Ені -13, биіктігі 9 метр. Басы Түлкібас ауданынан басталып, Жамбыл облысы территориясынан бір- ақ шығады. Жерасты жолы бұл жерге бекерден- бекер салынып жатқан жоқ. Бұл — «Күйік асуы» секілді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасының ең қауіпті тұсы. Тау жоталарының арасы үнемі азынап тұрады. Үскірік жел жеңіл көлік түгіл, ауыр техникаларды да бел ортасына дейін көміп тастайды.
Тоннель осындай жол азабын жеңілдету үшін салынып жатыр. Тау ортасы болған соң күрделі инжернерлік-техникалық шешімдерді қажет еткен жағдайлар болды. Жер асты сулары шығып кетті. Төбесі опырылып құлады. Құрылысшылар сондай қауіп-қатерге карамай, тоннель құрылысын жалғастыруда. Бұл Қазақстандағы теңдессіз әрі жалғыз жерасты автожолы болмақ.

Previous Post

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл

Next Post

Жол саласында маман жетіспейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz