gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Ұлы дала аңыздары

26 февраля, 2021
in Мәдениет
0
Ұлы дала аңыздары
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Ұлы дала аңыздары» атты республикалық онлайн сурет байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Байқайды Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аймақтық өкілдігі, Шымкент қаласы білім басқармасының «Балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО Клубы ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, Мұхамедәлі Бахтияр І-орынды, Ширин Сайдахметова ІІІ-орынды жеңіп алды. Ал, Ақбота Нарикбаева және Дилноза Султанова арнайы дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табыс етілді.
«Ұлы дала аңыздары» атты республикалық онлайн сурет байқауына дарынды шәкірттер дайындаған ұстаздарға Кентау балалар көркемсурет мектебі директоры өз алғысын білдірді.
Байқау өскелең ұрпаққа еліміздің мәдениетін жаңғыртуға өз үлестерін қосуға, өткен тарихқа қызығушылық қалыптастыруға, патриотизмге, толеранттылық пен жаһандық азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған. Мұндағы мақсат — оқушылардың ой-өрісі мен көзқарастарын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамыту, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа біздің ата-бабаларымыз арқылы беріліп келген қазақ халқының тарихы, ертегілері, аңыздарын насихаттау.
Барлық аңыздар Қазақстанның рухани киелі жерлерімен байланысты, бұл бізге олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Байқауға мектептен тыс қосымша білім беру мекемелеріндегі 7-17 жастағы оқушылар салған суреттері қатысты. Қазақ халқының ертегілері, аңыз әңгімелері бойынша талапкердің қалауымен өзіндік ерекшілігі бар сюжет көрінісінен тұратын шығармалары ұсынылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтауға Қазақстан суретшілер одағының мүшелері және білікті мамандар шақырылды. Олар байқаудың жеңімпаздарын анықтап марапаттауға ұсынды.

Previous Post

БАҚ өкілдерімен кеңес отырысы өтті

Next Post

Құшақтары гүлге толды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz