gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мұқағали Мақатаев — 90 жыл «Қазақ поэзиясының биік шыңы»

5 марта, 2021
in Uncategorized, Мәдениет
0
Мұқағали Мақатаев — 90 жыл    «Қазақ поэзиясының биік шыңы»
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Биыл 2021 жыл «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» таңдалып алынған болатын. «Поэзия» жанры бойынша қазақтың біртуар ақиық ақыны, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Өмірдастан» атты өлеңдер жинағы еніп отыр.
Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық арнаулы кәсіптік колледжінде «Қазақ поэзиясының биік шыңы» тақырыбында әдеби-поэзия кеші өтті.

Кентау қалалық орталық кітапхана ұжымы ұйымдастырған іс-шара барысында колледждің білім алушылары Аягөз Ибрагимова, Тұрсынкүл Керимшеева, Қуаныш Қарлыбаев, Нұрхан Жақсылық, Салидат Сейдалхан, Эрбол Тожибаев, Жандос Абдиев ақиық ақынның жалынды жырларын оқыды.
Сондай-ақ, Эрбол Тожибаев «Есіңе мені алғайсың» әнін, сазгер, зейнеткер –ұстаз Жұпаркүл Бекшораева «Мен сені сағынғанда…» әнін, колледждің педагог-ұйымдастырушысы Дәулет Жүзтаев ақынның «Сәби болғым келеді» әнін нақышына келтіре орындады.
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!
Жанна Қуандықова
Кентау қалалық орталық кітапхананың абонемент бөлімінің кітапханашысы

Previous Post

Құшақтары гүлге толды

Next Post

Біз бейбітшілікті жақтаймыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz