gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Маңызды мәселелер қаралды

12 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Маңызды мәселелер қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында фракция мәжілісі өтті. Жиынға қалалық филиалдың төрағасы, қала әкімі Д. Махажанов, мәслихат хатшысы Т.Балабиев және фракция мүшелері мен бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, қалалық мәслихатқа «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттардың халықпен кездесуі барысында айтылған мәселелерді шешу, ұсыныстары бойынша жұмыс жүргізу жайы қаралды.
Қалалық мәслихат депутаттары Талғат Балабиев, Қаблан Елеусізов, Арман Шалданбаев, Қанат Бекметов, Ұлбала Мұсаханова, Мақсут Гайруллаев халық тарапынан айтылған өтініштерді жеткізді.
Көп қабатты тұрғын үй аулаларына спорттық ойын алаңшалар салу, көлік тұрақтарын ыңғайластыру, №19 мектеп бағыты бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоқысты уақытылы алу, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қадағалау, қоқыс жәшіктерін орнату, жол кедергілерін қою және тағы басқада мәселелер кеңінен сөз болды.
Барлық өтініштермен мұқият танысқан филиалы төрағасы, қала әкімі Д.Махажанов сала мамандарына тұрғындардың мәселелесін оңтайлы шешіп беру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Халықпен тығыз қарым қатынас орнату керектігін айтып, ұсыныстар мен өтініштердің уақытылы орындалуы қажеттігін жеткізді. Ал, депутаттарға жұмыстардың мерзімінде орындалуын бақылау керектігін айтты.

Previous Post

Кәсіп бастаушы арулар көбейіп келеді

Next Post

Қанатты құстарға қамқор болайық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz