gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Дәрігерлер шалғай ауылдардағы тұрғындарды жылжымалы медициналық кешенде қабылдады

12 марта, 2021
in Денсаулық
0
Дәрігерлер шалғай ауылдардағы тұрғындарды жылжымалы медициналық кешенде қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық емханасының жылжымалы медициналық кешені қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында арнайы мамандар және лабораторлы-инструменталды тексеруден өткізу шаралары бойынша Оранғай ауылында болды.
Кентау қалалық емханасының дәрігерлері қаладан шалғай орналасқан Оранғай ауылының 300-ге жуық тұрғынға медициналық кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, жылжымалы диагностикалық кешені негізінде көрсетілетін қызметтер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырылды. Заманауи медициналық кешені флюорография, УЗИ, ЭКГ, офтальмоскоп, оториноскоп, кіші лаборатория, әйелдерді қарау бөлмесі және жалпы тәжірибелі дәрігер кабинетімен жабдықталған. Ауыл тұрғындары жоғарыда аталған аппараттарға қалаға бармастан өтті.

Оранғай ауылының тұрғындарына медициналық және скринингтік тексерулер мен басқа да көмектер көрсетілді және де үй жағдайындағы науқасты сол мезетте үйіне барып тексеруден өткізді. Бұл өз ретінде, ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімдігін арттырады. Емханадан келген арнайы дәрігерлер ауыл тұрғындарын толық тексеруден өткізіп, ауруды дер кезінде анықтау мақсатында ауыл тұрғындарына жолдамалар берді. Оранғай ауылындағы тұрғындар үшін бұл диагностикалық кешен сапалы және өте тиімді.
Сонымен қатар, емхананың профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Қарабаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жайлы тұрғындарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Себебі, бұл Қазақстандағы әрбір тұрғынға қатысы бар, маңызды реформа.
Консультация барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтер, сақтандыру жарнасының мөлшері, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тәртібі, мемлекет тарапынан сақтандырылатын санаттар жайлы атап өтті.

Previous Post

Қанатты құстарға қамқор болайық

Next Post

Ал, қанекей жігіттер!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz