gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Дерекқор

Ал, қанекей жігіттер!

12 марта, 2021
in Дерекқор
0
Ал, қанекей жігіттер!
Share on FacebookShare on Twitter

Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала — қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат — ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға — «жігіт сыны» деп аталады.
Кентау оқушылар үйінің жылдық жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді қоғам өміріне бейімдеу, ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, олардың патриоттық рухын ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қашықтықтан «Ал, қанекей жігіттер!» іс-шарасы өтті.
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Н.Күзембаева, Кентау қалалық полиция бөлімінің ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы Ж.Ахметов және спорт мектебінің жаттықтырушысы Б.Совет мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар жастарды анықтады. Қазылар алқасы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беріп, жеңімпаздарды марапаттады.
Атап айтар болсақ, №14 мектептің оқушысы Дулат Уразбаев бас жүлдені жеңіп алды. Ал, №2 мектеп оқушысы Саматжан Набиев І-орынды иеленсе, №1 мектептің оқушысы Ардақ Жолдас және №16 мектептің оқушысы Баубек Сулейменов ІІ-орынды қанжығалады. ІІІ-орын №19 мектептің оқушысы Ярослав Белавин, №24 мектептің оқушысы Нәжмиддин Рахман және «Достық» мектебінің оқушысы Бақытжан Айдарұлына бұйырды.
Шорнақ мектебінің оқушысы Тоқтар Әубәкір «Көрермен көзайымы», А.Үсенов атындағы мектебінің оқушысы Рахат Алмасбекұлы «Шымыр жігіт», «Югнаки» мектебінің оқушысы Зиннур Ашрабов «Өнерлі жігіт», №12 мектептің оқушысы Дарын Айдаров «Сымбатты жігіт», М.Әуезов атындағы мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Құрманбекұлы «Талантты жігіт» номинацияларына ие болды.

Previous Post

Дәрігерлер шалғай ауылдардағы тұрғындарды жылжымалы медициналық кешенде қабылдады

Next Post

Асыл аналар мерекесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz