gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кітапханаға кітап сыйла

26 марта, 2021
in Мәдениет
0
Кітапханаға кітап сыйла
Share on FacebookShare on Twitter

Өскелең ұрпақтың сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу сапасын көтеру, ұрпақ бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру мақсатында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы жарияланды. Жоба аясында елімізде «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде. Мектеп кітапханаларында да бұл жоба жалғасып жатыр.
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергеновтың қызы, доцент, филология ғылымдарының докторы, «Айбергенов» журналының бас редакторы Салтанат Айбергенова өзінің су жаңа «Тоғысқан тағдыр-лар» атты мемуар, естелік кітабын Кентау кітапханаларына сыйлады. Мектеп кітапханашыларымен кездесу өткізіп, сыр-сұхбат жасады.
Сондай-ақ, кездесуге қатысқан белгілі журналист, сатирик, ақын Ермахан Шайхыұлы жаңа кітаптарын тарту етті. Алматыдан келген ақын, сазгер, журналист Жолдыбай Музаппаров пен ақын, республикалық «Әйел құпиясы», «Әйел денсаулығы» газеттерінің бас редакторы Фатима Жүнісова естеліктерімен бөлісіп, кездесудің көркін аша түсті.
Кеш соңында авторлық кітаптарын кітап қорына берді.
«Дүние таланттары» одағының президенті Дана Дәулетова одақ мүшелерінің бірнеше жаңа кітаптарын сыйлады.
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергеновтың «Тоғысқан тағдырлар» атты су жаңа кітаптан алынған үзінділерін №10 жалпы орта мектебінің 9, 11 сынып оқушылары Б.Қаңлыбай, А.Сәрсенбай, Ә.Махамеджан, А.Аман өз нақышына келтіріп айтып берді. Ал, Абай атындағы №5 мектептің оқушысы Ж.Айбек Т.Айбергеновтың сөзіне жазылған «Атамекен» әнін орындады.
Жас ұрпақты кітапты сүюге, кітаппен дос болуға баулуға арналған іс-шараға орталық кітапханалар жүйесі мен мектеп кітапханашылары белсенділікпен қатысты.

Previous Post

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Next Post

Ауылдың гүлденуіне үлес қосқан азамат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz