gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Дерекқор

Энергияны үнемдейтін жылыжай орнатылды

26 марта, 2021
in Дерекқор
0
Энергияны үнемдейтін жылыжай орнатылды
Share on FacebookShare on Twitter

«Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігі — Кентау қаласында орналасқан жергілікті үкіметтік емес ұйым. 2006 жылдан бері — қоршаған ортаны қорғау, туризм, экология, құқық және әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істеуде. Басты мақсат — жаһандық экологиялық дағдарыстың алдын алу.
Қазіргі таңда «Жасыл» бастамаларды жастар арасында ұйымдастыру арқылы энергия тиімділігін дамыту және жаңартылатын энергияны енгізу» жобасын іске асырып жатыр.
«Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Арнайы кәсіптік колледж» базасында семинар өтті. Оған үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар және бизнес өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Кентау қаласында қайырымдылық марафонын бастау, түскен қаржыға «Арнайы кәсіптік колледж» аумағын абаттандыру арқылы мүмкіндігі шектеулі жастардың демалуына жағдай жасау мәселелері қаралды.
Бүгінде Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын ғаламдық экологиялық мәселелерге арналған шағын гранттар бағдарламасының қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылатын «Күн батареяларын қолдана отырып, энергияны үнемдейтін жылыжай орнату» жобасына «Арнайы кәсіптік колледж» пилоттық алаң ұсынып отыр. Жоба авторлары екінші және үшінші курс студенттері Ж.Жағыпаров пен Н.Кенжетаев, жетекшісі Н.Абдиев.
Жоба негізінде мүмкіндігі шектеулі студенттерге агрономия, биология, тамшылатып суару технологиясы және жаңартылатын энергия салаларында жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Маңызды сәттердің бірі — еңбек терапиясын жақсарту. Жыл сайын колледжге түскен жетім балаларға өзін-өзі күту дағдылары, қоғамда бейімделу және өмірде пайдалы болатын кәсіби терапия ұсыну. Сондай-ақ, жастарды бизнеске баулып, еңбек етуге үйрету.


Жылыжай толық іске қосылған соң, студенттер өз күштерімен қияр мен қызанақ егіп, олардан мол өнім ала алады. Сонымен қатар, бос уақытында қарым-қатынас және топтық жұмыс психо-эмоционалдық сипаттағы сабақтарды орындайды. Бұл студенттерге жаңартылатын энергия көздері мен жасыл технология жүйелерін оқып үйренуге мүмкіндік береді.
Жылыжайдағы барлық студенттердің жұмыстары колледжде кәсіптік білім беру шеберлері мен жетекшілерінің бақылауымен өтеді. Жылыжайда студенттермен бірге бағбан, электрик және сантехник жұмыс істейді.

Previous Post

Ардагер ұстаз атында сынып ашылды

Next Post

Құрметті азаматты еске алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz