2021 жыл айтулы датамен — Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен басталды. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында, бірлік біздің Отанымыздың символына айналды. Қай кезде болмасын бірліктің арқасында қазақ халқы кез-келген сынақты жеңе білді.
2021 жылдың Наурыз мейрамы қарсаңында «Халық» Қайырымдылық қоры тағы да азаматтық ұстанымын көрсетіп, «Ел тірегі — Елбасы» атауымен аталған кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. Қор COVID-19 пандемиясына және онымен байланысты карантиндік шараларына байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалы отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.
Алғашқы күндерден бастап-ақ бұл денсаулыққа төтенше жағдай ғана емес, сонымен қатар біздің еліміз үшін нақты сынақ екендігі белгілі болды, сондықтан қазір бұрынғыдан да бірлескен, біріккен күш-жігер маңызды.
Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарлануда. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және «Халық» Қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.
«Халық» Қайырымдылық қоры 15000-нан астам азық-түлік себет жинады, әр себеттің салмағы 50 кг-нан асады. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр. Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек.
Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарды қосқанда әлеуметтік көмек алатын мүгедек баласы бар 118 отбасына берілді.
«Халық» Қайырымдылық қоры бизнес қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін күш біріктіруге және «Ел тірегі — Елбасы» акциясын қолдауға шақырады.
Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.