gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саяси кеңестің құрамы бекітілді

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Саяси кеңестің құрамы бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының кезекті ХLI есеп беру-сайлау конференциясы онлайн форматта өтті.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қ.Жантөреева, облыстық мәслихат депутаты, «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Х.Қожабаев, қала әкімінің орынбасары Б.Әлімбетов, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков төрағалық етті.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау жайы конференцияның күн тәртібіне қойылды.
С.Асылбеков Кентау қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады.
Саяси кеңестің құрамы бекітіліп, Түркістан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 18 делегат сайланды. Сонымен қатар, конференция делегаттарының қатысуымен жаңадан құрылған Саяси кеңестің ұйымдастыру отырыс өткізіліп Саяси Кеңес Бюросының құрамы бекітілді.
Конференцияны қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева сайлауалды бағдарламаны жүйелі іске асыру үшін жол картасы жасалынып, бекітілгендігін, жол картасында көзделген міндеттерді орындауға, мерзімдеріне сәйкес әр тармағын уақытылы және сапалы орындауды қадағалау-фракция депутаттарының және әрбір партия мүшесінің басты мақсаты, міндеті болу керектігін жеткізді.
Конференция күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Previous Post

Жұмыс жоспары нақтыланды

Next Post

Ер - елінің қорғаны

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz