Кентау қаласы әкімінің орынбасары Арман Басаров 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай қаланың бірқатар ер азаматтарын марапаттады.
— Бұл күн — егемен еліміздің қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн. Бүгінде, Отан қорғаушылар күні — өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды, — деді Арман Амангелдіұлы.
Кездесуде Отанға қызмет жасап жүрген ер азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары ән шырқап мерекелік көңіл күй сыйлады.