«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымының төрағалары, мәслихат депутаттары, партия белсенділері ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесімен құттықтады. Арнайы сый-сияпаттар тапсырып, әсерлі әңгімелерін тыңдады.



