Өткен жылы Кентау қаласы аумағында орман тоғай өрттері бойынша 6 оқиға тіркелген. Соның салдарынан «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи саябағына қарасты орман тоғайлы жерлерден шамамен 447,1 га жер жанып, өрттен келген материалдық шығын 3176083,28 теңгені құрап отыр.
— Ауылдардағы жайылымдық жерлерде немесе көше бойларында қураған шөптердің жануы бойынша 68 оқиға тіркеліп, салдарынан 250 га жайылым жерлерде қураған шөптер мен қоқыстар жанған. Өрттің шаруашылық нысандарға немесе бидай алқаптарына таралу жағдайлары тіркелген жоқ, — деді Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов.
Биылғы жылы орман дала өрттерінің алдын алу бойынша «Сырдария-Түркістан» табиғи қорғау паркі және «Қаратау» табиғи қорығы мекемелерімен өрттерді бірлесіп сөндіру бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілген.
Кентау қаласының №12 ӨСБ-де өрт сөндіру автокөліктері дайындық жұмыстарынан өткен. Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардың барлығында ерікті өрт сөндіру топтары құрылған.
2021 жылы Кентау қаласы аумағында орман тоғай өрттері және дала өрттері тіркелмеді.
Жоғарыда мысал келтірілген өрттердің 95 пайызы дерлік мемлекеттік өрт сөндіру қызметтерімен сөндірілген.
Кентау қаласы әкімінің орынбасарымен «2021 жылғы жазғы шомылу маусымында қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітілді. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес алдын алу жұмыстары жүргзілуде.
Ауылдарда «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік бойынша» тиым салу тақтайшалары орнатылған. 2020 жылы және 2021 жылдың осы уақыт аралығында қала аумағында суға кету жағдайлары тіркелмеген. Аталған бағытта жұмыстар суға шомылу маусымы аяқталғанша жалғасын табатын болады.