Ұлттық статистика бюросы санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларын енгізу 2021 жылдың Ұлттық санағының жаңалығы болады. Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.
1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады.
Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ.
Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН енгізіп отырып санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық және олардың жинақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Санақ кезінде халықтан не туралы сұралады?
2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 90-ға жуық сұрақ қойылады деп хабарлайды статистика бюросы.
Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші — қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген.
Сондай-ақ, БҰҰ – ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.
2021 жылдың ұлттық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оның ұраны — «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».
Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады
Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез–келген уақытты таңдай алады, сондай–ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanag.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады. Мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
Сонымен қатар, респонденттер кез – келген арыз – сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның http://stat.gov.kz интернет ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай – ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.
2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимдеде, сондай – ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады.
Ұлттық санақ жүргізу жөніндегі жұмыстарға Кентау қаласы бойынша 147 адам тартылады. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары тартылады: жасы 18-ге толған, бастамашыл жауапты, тез тіл табысатын, компьютер мен жұмыс жасайалатын, жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды. Алайда, бұрын сотты болмаған және коронавирус Covid-19 қарсы вакцина салдырған барлық қызметкерлермен еңбек келісім шарты жасалады, дәрежелеріне байланысты 65-105 мың теңге аралығында айлық еңбекақы белгіленді. Өз аймақтары бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, уәкiлдердің, нұсқаушы – бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауда.
Мәліметтер жинау бойынша тікелей жұмыс үшін уақытша 141 санақ қызметкерлері: нұсқаушы – бақылаушылар және интервьюерлер тартылатын болады.
Интервьюерлер және нұсқаушы бақылаушылар мен ақылы қызмет көрсету бойынша келісім – шарттар жасалады.
Интервьюерлердің 1 – ші және 2 – ші кезеңнің жұмысына ақы төлеу толық көлемде қызмет көрсетілген жағдайда 30 күнге 83 мың теңгені құрайды.
1 — ші және 2 — ші кезеңнің нұсқаушы – бақылаушыларына толық көлемде көрсетілген қызмет үшін 45 күнге 125 014 теңге төлеу жоспарлануда.
2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимдеде, сондай – ақ , дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады.
А. ЖОЛДАСОВ,
Кентау қалалық статистика
басқармасының басшысы