gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының жұмысы қарқынды

18 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының жұмысы  қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосуды, ҚР Президенті атап өткендей, басты назарға алатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2022 жылдың мамыр айында еліміздің үш облысында пилоттық жоба – «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы жұмысын бастады.

Жоба халыққа қызмет көрсету процесін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді, осыған байланысты фронт кеңселер жұмысын бір терезе қағидаты бойынша іске қосу жөнінде шешім қабылданды.
Орталықтар қызметіне халық арасында сұраныс артып келеді. 16 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін үш облыс бойынша, атап айтқанда – Түркістан қаласында және Отырар ауданында, Павлодар, Қостанай және Рудный қалаларында фронт кеңсе қызметкерлері 6,5 мыңнан аса кеңес беріп, 2,5 мың мемлекеттік қызмет көрсетіп үлгерді, eOtinish ресми өтініштер қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға 1 мыңнан аса өтініш тіркелді. Азаматтардың фронт кеңселерге жүгінуіне басты себеп – жер қатынастары және ТКШ мәселелері.

Нәтиже орталықтары мына мекенжайларда орналасқан:
Қостанай қ., Пушкин к-cі 98
Рудный қ., Космонавттар к-cі 12
Павлодар қ., Кривенко к-cі 25 және Павлов к-cі 48
Түркістан қ., Ғ.Мүсірепов к-cі, 17-ғим., 1-қабат
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-cі 26

Нәтиже фронт кеңсесі – кез келген кабинетке ашық есік!

Previous Post

Түркістан облысында тамшылатып суару технологиясымен әр отбасы 1 млн. теңгеден астам қосымша табыс табуда

Next Post

Түркістан облысында мал азығы молынан жиналды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz