gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аралар күніне екі-үш фляг су ішеді – Түлкібастық омарташы

14 августа, 2022
in Қоғам
0
Аралар күніне екі-үш фляг су ішеді – Түлкібастық омарташы
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібастық Бейбіт Бөкешов – омарташы. Ол отыз жылдан бері бал арасын өсірумен айналысып келеді. Омарташы араның «карника», «карпатка» деп аталатын екі түрін асырайды екен. Араның бұл түрі ауа райы қолайлы болса күніне үш-төрт келіге дейін бал береді дейді.

Бейбіт Бөкешов бұл кәсіпті алғашқыда Валерий Павлович есімді танысынан үйренген екен. Кейін омартаның қыр-сырына қаныға бастаған Бейбіт Бөкешов кәсібін ары қарай өзі дөңгелетіп алып кетіпті. Кейіпкеріміздің айтуынша, ол ерте көктемде тау мен тасты аралап, араның бабын іздеп кетеді екен. Сөйтіп, сол сапарынан қара күзде бір-ақ оралады екен.

— Бұл кәсіптің алға басуы ауа-райына тікелей байланысты. Ауа-райы қолайлы, жылы болса онда омарташылардың да арадан алатын балы көңілдегідей болып шығады. Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Шардара аудандарының таулы, қырлы, жазық даласын шарлап, араның қорегін іздейтініміз содан. Бал аралары таулы жерде кекіре, киікоты, жоңышқа, түймедағы секілді 700-800 шөптермен қоректенеді. Жөке ағашы, бақбақ, жебіршөп, ошаған, аршагүл, қойбүлдірген, бөріжидек, шыршалардың да аралар үшін пайдасы көп. Менің екі вагонда сексен ұям бар, — дейді кейіпкеріміз.

Бейбіт Бөкешов аралар өте сезілтал келетінін айтады. Олар үшін омартаның таза болуы өте маңызды. Бір қызығы, олар жалқау, бойкүйез араларды өз орталарына қоса қоймайды екен. Сосын аралар шөлдегіш келеді екен. Күніне екі-үш фляг су ішіп қоятын көрінеді. Биылғы жаздың араларға да оңай болмағаны анық…

Омарташылар жиі-жиі орын ауыстырып отырады екен. Бейбіт Бөкешов бір жерде ұзақ тұрып қалса балдың сапасы нашарлап, көлемі де азайып кететінін айтады. Айта кетейік, араның балы қан айналымына, буындарға, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан аурулары үшін өте пайдалы.

Previous Post

Түркістан облысындағы индустриалдық аймақтарда 44 жоба іске қосылып, 2368 жұмыс орны ашылды

Next Post

Түркістан облысында жайылымдық жер мәселесі шешіле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz