Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласы – бүгінде орнықты экономикалық дамуының арқасында жылдан жылға көркейіп, ажарланып келеді. Қазіргі таңда Арыс қаласының өзінде 48 мыңнан астам, ал, оған қарасты Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай сынды 6 ауылдық округті қоса есептегенде 75 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп жатыр. 2019 жылы орын алған төтенше жағдайдан кейін жедел түрде қалпына келіп, дамудың жаңа деңгейіне көтеріле бастаған қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен экономикалық дамуы – бүгінгі мақаламыздың өзегіне айналмақ.
Соның айғағы ретінде биылғы жылдың 6 айында Арыс қаласының экономикасына 7,6 миллиард теңгенің шамасында инвестиция тартылғанын айтуға болады. Есепті мерзімде Арыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 2,8 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құны шамамен 16 миллиард теңгеден асып отыр.
Ал, өткен жылғы экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталар болссақ, былтыр қала экономикасына тартылған жалпы инвестиция көлемі 14 миллиард 651 миллионтеңгені құраған. Cондай-ақ, 2021 жылы Арыс қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 ммиллиард 593 миллион теңгшенің өнімі өндірілген.
Арыс қаласында өткен 2021 жылы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енген жалпы құны 31 миллиард 100 миллион теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылған. Соның нәтижесіндежаңадан ашылған кәсіпорындарда 588 жұмыс орындары ашылды.
Соның бірі ретінде – поливинилхлорид түйіршіктері мен қоспасын шығаратын кәсіпорынды айтуға болады. Арыс қаласында ашылған бұл зауытқа шикізат Қытайхалық Республикасы мен Түркия және Ресей Федерациясынан тасымалданады. Мұнда айына 300 тонна өнім шығады. Құрылысқа қажетті пластикалық панельдер шығаратын өндірістік цехында бүгінгі таңда 30 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Темір жолдың кіреберіс жолымен жабдықталған орталықта жүк көліктерінің тасымалдау қызметі мен кедендік қызмет түрлері де өзара үйлестірілген.
Сонымен қатар Арыс қаласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-ң былтыр «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңы» жобасының құрылысы басталған. Барлығы 2000 га жерге жаңбырлатып суару әдісі жобасының өткен жылы 500 гектары іске қосылған.. Ал, биылғы жылы 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Кешен толық іске қосылғанда 200 адамды жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның жалпы құны 8,5 млрд теңге.
Сондай-ақ, өткен жылы Арыста «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында «Тансари Трединг» ЖШС-інің «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеу зауыты және азық-түлік тауарларын сақтайтын қойма» жобасының құрылысы жүргізілді. Жоба құны – 2 млрд 120 млн теңге. Жылдық қуаттылығы 12 мың тонна өнім өндіру. Кешен толық іске қосылғаннан берімұнда 150 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, Арыс өңірінде жүзеге асқан жобалардың бірі «Қамқор-Қазақстан» ЖШС-інің — «Құрама жем шығаратын зауыт құрылысы». Жылдық қуаттылығы – 15 мың тонна өнім. Жалпы құны 1 млрд 700 млн теңге. Онда 20 адам жұмыс істейді. Келесі бір ауқымды жобалардың бірі – Р.Кенжебаев ЖК-ң 5 гектар көкөніс жылыжайы. Онда маусым кезінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жобаның инвестициялық құны – 500 млн теңге. Кешеннің құрылысы 2021 жылы басталып, биылғы жылы іске қосылып отыр. Арыс қаласында өткен жылы жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдейтін «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-інің зауыты өз жұмысын бастады. Жоба өткен жылдың соңына қарай іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қала экономикасындағы жетекші салалардың бірі – шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Бұл қала тұрғындарының көпшілігін жұмыспен қамтып отырған сектордесек қателеспейміз. Өткен жылы Арыстағы шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтерінің жалпы көлемі — 30 миллимард 366 миллион теңгеге жеткенін айрыұша атап өтуге болады. Ал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Арыс қаласында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендіру бойынша барлығы 452,6 млн теңгеге 82 жоба қаржыландырылған. Қала бойынша жалпы 3 812 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 2 140-ы – жеке кәсіпкер (55,6%), 1 023-і – шаруа қожалық (27,1%), 649-ы – заңды тұлғалар (17,2%). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 587 бірлік. Яғни, белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының үлесі жалпы тіркелген субъектілердің 94,1 пайызын құрайды деген сөз.
Сонымен қатар бүгінде Арыс қаласында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқандардың да қатары көбейіп келеді. Мәселен, былтырғы жылдың өзінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті нығайтудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде арыстық азамат қайтарымсыз (583 400 теңге) мемлекеттік грантының иегері атанған.
Солардың бірі – Арыс қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнәз Есеналиева. Ол былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығына құжат тапсырып «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, тігінші куәлігін алған.
Одан соң қайтарымсыз қаржы иегері атанып, кәсібін бастап кеткен. Бүгінде сауда орталығынан арнайы орын жалға алған ісмер ана мемлекет берген қаржыға заманауи тігін машинасы мен көпфункционалды үтік түрлерін, жалпы тігіншіге қажет жабдықтарды сатып алған. Көбіне әскери форма мен сырт киімдер, медициналық халаттар тігумен айналысатын көпбалы ана осы кәсібі арқылы тұмысын түзеп келеді.
Осындай бағдарламамен 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) қаржыға ие болған тағы бір көпбалалы ана Назира Алдабергенова. Көптен өз ісін ашуды жоспарлап жүрген алтын құрсақты ана үшін бұл бағдарлама үлкен мүмкіндік берген.Бала кезінен тігін тігуге қызыққан ол бүгінде өз ісінің шебері. 583 400 теңгеге өзі қалаған тігін машинасы мен құрал жабдықтарын сатып алған кәсіпкердің аз уақыт ішінде тұрақты тұтынушылар қатары толыққан.Бүгінде ол оқушыларға арналған мерекелік киімдер мен медициналық формаға, сондай-ақ оюлы құрақ көрпелерге тапсырыс қабылдайды. Бұдан бөлек, шәкірт тәрбиелеуді де бастап кеткен тігінші, болашақта өз үйірмемді ашып, көпке пайдамды тигізсем дейді.
Айта кетейік, мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 АЕК мөлшерінде беріліл келген.Жалпы Арыс қаласында 2021 жылы 110 азамат осы грантқа ие болған. Бұл бағдарлама 2021 жылы аяқталғандықтан, 2022 жылы кәсіп бастаушылар үшін «Кәсіпкерлерді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бекітілгені белгілі. Енді бұл бағдарлама қатысушылары грант иегері атанған жағдайда 200 емес, 400 АЕК (1 225 200 тг) мөлшерінде қаржы беріледі. Биыл да Арыс қаласына 120-дан астам мемлекеттік грант бөлінген. Қысқа мерзімді курстан өткен үміткерлер бұл гранттардың иегері атанып үлгерді. Енді олар да өз кәсіптерін бастап, Арыс қаласының экономикалық дамуына өз үлестерін қоспақ.
Елімізде ауыл шаруашылығы саласына құйылатын ивестициялар ағыны 3 есеге ұлғайған. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында жүргізіліп жатқан саясат бірінші кезекте азық-түлік тауарларымен нақты қамтамасыз етуге бағытталған. Тұтастай алғанда, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың арқасында республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың оң серпіні байқалды. Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі соңғы 5 жылда екі есеге артып, 7,4 трлн теңгені құраған.
Сол секілді Арыс қаласында да ауыл шаруашылығы саласы орнықты дамып келеді. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы саласында былтыр 17 млрд 730,5 млн. теңгенің өнімдері өндірілген. Есепті жыл ішінде мал басы және мал шаруашылығының өнімдері барлық түрінен артқан. Ет – 8 078,8 тонна, сүт – 20 402,4 тонна, жұмыртқа 7 706,6 мың дана өндірілген екен.
Арыста биылғы жылы ірі қара мал саны 19 800 басқа көбейіп, уақ мал саны 41 900-ге артты, сүт өнімдері 1,2 есеге артып, жұмыртқа саны 8 млн дана өндіріліп, дәнді дақылдар 12 900 га егіліп, меже 1,3 есе артық орындалып, ет өнімдерін 1,3 есеге артып, бақша өнімдері жоспарға сәйкес орындалды.Қала тұрғындарының сұранысына орай ауыл округтегі шаруалар, кәсіпкерлер өз өнімдерін ет, құс еті, бал, жұмыртқа, бидай, жүгері, бақша өнімдері тағы басқа дақылдар нарық бағасынан төмен сатылды.
Міне, осылайша Арыс қаласының экономикасы орнықты дамып, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып, шағын қаланың ажары жылдан жылға ашылып келеді.