2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы 831 елді мекеннің 719-ы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Оның 7-еуі қалалық, ал 712-сі ауылдық елді мекендер. Бұл 86,5 пайызды құрайды.
Айта кетейік, өткен жылы өңірімізде 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 19,1 млрд. теңге бөлінген болатын. Қаражаттың 18,9 млрд, теңгесі ұлттық қордан, 0,2 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылды. Соның нәтижесінде 12 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Қалған 43 нысанның құрылыс жұмыстары биылғы жылға өтпелі болған еді. Сонымен қатар, су құбыры мүлдем жоқ болған 119 елді мекеннің 7-еуі ауыз сумен қамтамасыз етілді. Олардың үшеуі Сарыағаш, екеуі Қазығұрт аудандары мен біреуі Ордабасы ауданында орналасқан болатын.
Қалған алты елді мекеннің де тозығы жеткен су құрылдары жаңартылды. Айталық, Сауран, Қазығұрт, Ордабасы, Түлкібас аудандарында бір, Жетісай қаласында екі тозығы жеткен су құбыры ауыстырылды.
Биыл 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 13,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражаттың 8,0 млрд, теңгесі ұлттық қор, 1,7 млрд. теңгесі республикалық бюджет, ал 3,6 млрд. теңгесі облыстық бюджет есебінен қарастырылған. Осы 57 нысанның 43-індегі құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Қалған 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болады.Нәтижесінде, су құбыры мүлдем жоқ 112 елді мекеннің 17-сі ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтар болсақ, Бәйдібек ауданында -1, Сарыағаш ауданында -6, Келес ауданында -4, Қазығұрт ауданында -1, Ордабасы ауданында -4, Отырар ауданында 1 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Одан өзге 11 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Атап айтар болсақ, Бәйдібек-2, Қазығұрт ауданында -1, Төлеби ауданында -4, Мақтаарал ауданында -1, Ордабасы ауданында — 1, Түлкібас ауданында 2 елдімекеннің тозығы жеткен су құбырлары ауыстырылады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде биыл 831 елді мекеннің 736-сын ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Оның 7-еуі қалалық, 729-ы ауылдық жерлердегі елдімекендер. 831 елдімекеннің 736-ы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болса, өңірімізде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 88,6 пайызды құрайтын болады.
Бүгінгі таңда өңірімізде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 16 нысанның жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Оның үшеуі Сарыағаш, біреуі Қазығұрт, бесеуі Арыс-5, біреуі Түлкібас, екеуі Төлеби, біреуі Отырар, біреуі Түркістан, екеуі Мақтаарал ауданында орналасқан. Аталған нысандардың құрылысына республикалық бюджет есебінен 6,9 млрд. теңге қарастыру мақсатында 10.01.2023 жылы 2023-2025 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды. Осы қаржы бөлінген жағдайда, өңіріміздегі 5 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Атап айтып өтейік, Сарыағаш ауданындағы 3 елдімекен, Төлеби және Отырар аудандарындағы юір елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Ал, қалған 6 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырларын жаңарту жоспарланған. Атап айтар болсақ, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласындағы елдімекендердің тозығы жеткен су құбырлары ауыстырылады. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы 4, Түлкібас ауданындағы 1 елдімекенге ауыз су құбырлары тартылатын болады.
Ауыз суға байланысты өңірімізде бірқатар мәселелер туындаған болатын. Солардың бірі ретінде Шардара қаласындағы жағдайды айтуға болады. Қала тұрғындарына ауыз су Шардара су қоймасынан қалалық бас су торабы арқылы берілуде. Су тазарту станциясы 1983 жылы салынған. Бүгінгі таңда тозығы жетіп қайта-құруды қажет етіп тұр. Соның салдарынан аталмыш су тазарту станциясы санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс атқара алмауда. Осыған орай Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Шардара топтық су құбырының құрылысы» нысанының ЖСҚ әзірленуде. Сараптама алу мерзімін 2023 жылдың І тоқсанында аяқтау керек. ҚМЖ құны — 16,6 млрд. теңге. Жоба бойынша, ұзындығы 40 шақырым магистралды су құбырын жүргізу 2х3500 м3 резервуар, 6 дана су ұңғымасын бұрғылау, су сорғы станциясы, 40 шақырым электр желісін жүргізу, су тазарту қондырғысын орнату қарастырылған. Оны 2023 және 2024 жылдар аралығында іске асыру көзделіп тыр.
Облысымыздың оңтүстік аудандарындағы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал аудандары мен Жетісай қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Осы мәселені шешу мақсатында «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасына инвестиция тарту жоспарланып отыр. Аталған жоба Өгем өзенінен орташа жылдық ағысы 3,5 м3/сек көлемінде ауыз су беру және каскадты су электр станцияларын (ГЭС) салу арқылы 165 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіру мүмкіндігін береді. Инвестиция көлемі – 195,0 млрд. теңге. Бүгінгі таңда аталған нысанның техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭО) 1-кезеңі әзірленуде. Оның құны523,6 млн.теңгені құрауда. Сонымен қатар, алдағы уақытта онда инфрақұрылым жүйелерін тарту да арастырылатын болады.
Қосымша ақпарат ретінде айта кетейік, техникалық-экономикалық негіздеменің бірінші кезеңінде жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры, диаметрі 1400 мм, оның ішінде 12,7 шақырым туннель арқылы өтеді. №1-10 ГЭС каскадының құрылысы №1-7 ГЭС өзен арнасы арқылы, №8-10 ГЭС суаққы арқылы өтеді. Ауыз су беру туннельден Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылының учаскесіне дейін жүзеге асырылады.
Техникалық-экономикалық негіздеменің екінші кезеңінде жалпы ұзындығы 210 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры, диаметрі 1400 мм, көлемі 10-40 мың м3 резервуар, су таратқыштардағы ауыстырып қосу камералары қарастырылған. Ауыз су беру Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарының учаскелерінде магистралды суаққы арқылы беріледі.