gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Леңгірдегі мөлтек аудан тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады

4 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Леңгірдегі мөлтек аудан тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында электр жүйесінің жалпы ұзындығы 933,755 шақырымды құрайды.Оның ішінде СИП кабелдер 392,1 шақырымды,темір сымдар 509,3 шақырымды, жоғары кернеулі жүйелер 32,3 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, өңірде бағаналардың жалпы саны – 39161 дана, трансформаторлар саны –  371 дана. Өткен жылы Алатау ауыл округіне қарасты Біркөлік елді мекеніндегі көшелерге, Екпінді елді мекеніндегі көшелерге сапалы электр энергиясын жеткізуге ұлттық қор есебінен 110,0 млн.теңге бөлінді. Өткен жылы осы қаржының 110,0 млн.теңгесі игерілді. Нәтижесінде 377 бағана, 6 трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жасалуда.

Сонымен қатар, Бірінші мамыр ауыл округіне қарасты Тағайна ауылындағы Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3 көшелерге сапалы электр энергиясын тартуға республикалық және облыстық  бюджет есебінен 198,5 млн.теңге бөлінді. Былтыр осы қаржының 178,5 млн.теңгесі (қалғаны 20,0 м.тенге) игерілді. Нәтижесінде 530 бағана орнатылып, электр желілері толық тартылды. Аталған көшелердегі тиісті жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады.

Кемеқалған ауыл округіне қарасты Қаратөбе елді мекеніндегі Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы, Руханият, Сұңқар, Ақбура көшелеріне сапалы электр энергиясын тартуға облыстық бюджет есебінен2022 жылға– 10,0  млн.теңге бөлінді. Құрылыс құны 74,2 млн.теңге. 2022 жылы игерілген қаржы – 10,0 млн.теңге. Қазіргі таңда аталған көшелерге 187 бағана орнатылды. Атлған көшелерде атқарылуы тиіс жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады.

Леңгір қаласының 1-шағын ауданындағы (Киелітас шекарасы) жаңа массив көшелерге сапалы электр энергиясын жеткізуге жергілікті бюджет есебінен 27,6 млн.теңге бөлінді. Былтыр осы қаржының 27,6 млн.теңгесі игерілді. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 3,5 шақырым электр желісі тартылып, 151 бағана, 1 трансформатор орнатылды. Аудандық РЭС мекемесімен қосу жұмыстары жүргізілуде.

Леңгір қаласы Қазығұрт мөлтек ауданындағы 10/04 кВ электр желісінің құрылысын жүргізуге облыстық бюджет есебінен 28,6 млн.теңге бөлінген болатын. Былтыр осы қаржының 28,6 млн.теңгесі игерілді. Ал, Ленгер қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электрқосалқы станциясын салу жұмыстарын мердігер мекеме «Алматымәдениетқұрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Станцияның жалпы ауданы 2,0 гектар аумақты құрайды. Жоғары номиналды кернеу, кВ — 110 кВ. Жобаның жалпы құны — 2 169,1млн. теңге. Құрылысын бастауға   5,0 млн. тг қаралды. Станциядағы құрылыс жұмыстары биыл джа жалғасын табатын болады. Оған 1 925,0 млн теңге қаралған.

Айта кетейік, Леңгір қаласындағы «Қазығұрт», «Самал»,  «Алатау», «Шаңырақ»  мөлтек аудандарда 9720 халық тұрады. 63 көп қабатты тұрғын үй, 3100 жеке тұрғын үй, 16 әлеуметтік нысан, 79 кәсіпкерлік нысан бар. Олардың барлығы да сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.

Жалпы облысымыз электр қуатына тапшы өңірлердің бірі болып табылады. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып отыр.

Previous Post

Сарыағаштық шаруа жылыжайда лимон мен банан өсіріп жатыр

Next Post

Созақта автоматтандырылған газ тарату станциясы салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz