Өңір басшысы Дархан Сатыбалды биылғы жылға жоспарланған халықпен кездесуін облыс орталығы Түркістан қаласынан бастады. Жиында облыс әкімі алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықпен кездесулердің нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақөткен жылдан бері өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
— Біздің ең басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған еді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүгінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады. Бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету сұрақтары қала деңгейінде дербес шешілетін болады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Айта кетейік, былтыр облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында екі есепті кездесу өткізген болатын. Онда қаланың дамуы үшін маңызды мәселелер көтеріліп, басым бөлігі шешімін тапты. Ал бұл жолы «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне 500-ден астам түркістандық келді. Оның 100-ге жуығы – жастар. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде аймақ басшысы Түркістанның еліміздің рухани және тарихи орталығына айналу жолында жүзеге асатын маңызды шараларға тоқталып, дамудың түрлі салалары бойынша көрсеткіштерді мәлім етті.
Ендігі кезекте осы шараларға жеке-жеке тоқталсақ. Мәселен, Түркістан қаласындағы «Бекзат» секторында былтыр қала әкімінің тапсырмасымен 170 мәселе бақылауға алынған болатын. Бүгінге дейін соның 151-і орындалды. 19 тапсырма қазіргі таңда орындалу үстінде. Айталық, бұл аумақта 8,6 шақырымды құрайтын 16 көшеге тас төселді. Биылғы жылы 5,95 шақырымды құрайтын 3 көше, атап айтар болсақ, Самал, Мұзтау, Жаров көшелері ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтетін болады.
Сонымен қатар, былтыр мұнда 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталып, 5 орынға лайықталған аялдама орнатылған-ды. 2,2 шақырымды құрайтын Жәңгір хан көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы іске асырылды. Сарқынды су желісінің қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін Жаров пен Қазақбаев көшелері ретке келтіріледі.
Айта кетейік, «Бекзат» секторында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда бұл секторда, нақты айтар болсақ Жамбыл мектебінің жоғарғы тұсында орналасқан 514 үйдің электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Құрылысын жұмыстары бұйыртса биылғы жылы бастау алатын болады.
«Бекзат» тұрғын алабындағы ауыз су құбыры тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қаралды. Наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Оның ішінде ескірген ауыз су желілерін жаңарту үшін Байжанов, Сыздықов көшелеріне арналған сметалық-жобалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сондай-ақ, жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды.
«Бекзат» тұрғын алабында мектеп тапшылығы да күрделі мәселелердің бірі. Алдағы уақыта мұнда 2,2 гектар аумақта мектеп бой көтермек. Нақты айтар болсақ, 2025 жыл 1200 орынды мектеп құрылысын қолға алу жоспарланып отыр.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековбылтыр «Отырар» секторы тұрғындарымен төрт кездесу өткізді. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші негізінде сала мамандарына 167 тапсырма беріліп, оның 163-і толық орындалды. 4 мәселе бойынша тиісті жұмыстар басталған. Қазіргі таңда бұл тапсырма да орындалу үстінде. Мәселен, өткен жылы бұл аумақта 4,16 шақырымды құрайтын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 19,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл мұнда 5,63 шақырымды құрайтын 8 көше, атап айтар болсақ, (К.Баялиев, А.Төлегенов, Ж.Усманов, Абақ батыр көшелері орташа жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, былтыр «Отырар» секторында 45 орынға лайықталған аялдама нысаны орнатылды. 4,94 шақырымды құрайтын 4 көшеде, атап айтар болсақ, Шекті тілеу жолды аяқ 1 бұрылысы, Шойынбет би жалғасы, Гаухар ана – Ж.Майкотов аралығы, Бәйдібек ата көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы іске асырылды.
Былтыр тасымалдаушы мекемелер тарапынан 36 дана сыйымдылығы жоғары автобустар алынып, №6, 10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Бұйыртса, биыл сол мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алу жоспарлануда. Жаңа автобустар алынған жағдайда жаңадан №16 бағыт ашылып сондай-ақ, №9, 9а, 5, 5А бағыттарындағы шағын автобустар сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылатын болады.
Мұнан бөлек «Отырар» тұрғын алабында биылғы жылы көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аулаларды көгалдандыру жұмыстары, бүлінген ойын алаңшаларын ретке келтіру және жаңадан ойын алаңшаларын салу, автотұрақтар салу, аяқжолдар (брусчатка) төсеу, түнгі жарықшамдар орнату, суағарлар жүргізу, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. «Отырар» шағын ауданындағы көпқабатты үйлер сыртын сәулетті жарықтандыру жұмыстары бастау алды.
Ағымдағы жылы «Отырар» мөлтек ауданына 0.98 га аумаққа сквер құрылысын жүргізу жоспарға қойылып отыр.»Арман» тұрғын үй кешенінің сыртын әсемдік жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек.
«Отырар» секторында ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Сала мамандары «Наурыз айында құрылыс жұмыстары басталады» дейді.Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды.
Түркістан қаласындағы «Бірлік» секторында өткен жылғы кездесуде қала әкімінің атына 141 ұсыныс пен өтініш түскен болатын. Олардың 131-і бүгінгі таңда орындалып, 7-і орындалу үстінде. Тұрғындардыңтілегіназарғаалынып, 16,4 шақырымдықұрайтын 26 көшегетастөселіп, 11,03 шақырымдықұрайтын 7 көшегеорташажөндеужұмыстарыжүргізілді. Сонымен қатар 35 шақырымды құрайтын 33 көшенің жарықтандыру жұмыстарының құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта қуат көзіне қосу үшін құжаттамалар әзірленуде. Одан бөлек, 16,65 шақырымды құрайтын 11 көшеге аяқжол төселді.
Қазіргі уақытта аталған секторда 8 аялдаманың құрылысы жүруде. Ал, «Бірлік» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 85 шақырымды кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, жұмыстың 25 пайызы атқарылды. Ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. «Бақ-Береке» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Шаһарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында “Бірлік” секторында биылғы жылы 5 жаңа трансформатор орнатылады. Сондай-ақ, электр желілерін жаңарту жобасы әзірленіп, 3 трансформатор қою жоспарлануда.Жалпы “Бірлік” секторының аумағы 1751,8 гектарды құрайды. Онда20 мыңнан астам халық тұрады. 2648 тұрғын үй бар.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың мәлімдеуінше, Түркістан қаласының инфрақұрылымы, абаттандыру мәселелері соңғы төрт жылда жедел әрі қарқынды шешіле бастады. Киелі шаһарда мемлекет тарапынан жұмылдырылған күштің нәтижесінде үлкен өзгерістер орын алды. Руханият ордасы түрленді, түледі. Бұған да дәлелдер келтіре кетсек, қаланы жарықпен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 3897 абонент сапалы электр қуатына қол жеткізді. Түркістан қаласындағы жаңғырту бағдарламасы аясында, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі тарапынан соңғы 3 жылда 39 дана трансформатор, 32,33шақырымды құрайтын электр желісі мен 1002 дана электр бағанасы орнатылды. Қазіргі таңда 6 секторда 40 048 абонент газбен қамтамасыз етілді. Ал, таза ауыз су жүйесін 37 800 абонент пайдалануда. Бұл жалпы тұтынушының 98,9 пайызын құрайды. 2023 жылы инфрақұрылым саласына қатысты 4 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде қала тұрғындарын ауыз сумен қамту көрсеткішін жылсоңына дейін 100 пайызға жеткізуді көзделіп отыр. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткшін арттыру мақсатында ұсынылған жобаларқолдау тапты. Енді бюджеттен қаржы қаралса, қала тұрғындары кәріз жүйесіне де қол жеткізетін болады. Бұдан бөлек 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленді.
Реті келгенде тілге тиек ете кетейік, жол сапасын арттыру жағдайы да тұрақты бақылауда. Тұрғындардың өтініші негізінде 2022 жылы бюджет есебінен 64 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселсе, биылғы жылы 42 шақырымды құрайтын тағы 38 көшеге төсеу көзделген.
— Түркістан қаласында соңғы екі жылда 305 шақырымды құрайтын 296 көшеге тас төселді.Оның ішіндегі 56 шақырымды құрайтын 53 көшесінде — коммуникация жүргізіліп қазылуы себепті жүзеге асты.Мен бұл көрсеткішті өткен жылғы жұмыстарға тоқмейілсу емес, биылғы жұмыс екпінін осы деңгейден түсірмеу межесі деп қабылдаймын. Алдымызда қаламыздың инфрақұрылым жүйесін дамыту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай ұйымдастыру мақсатында сарқынды су жүйесімен жүз пайыз қамтамасыз ету міндеті тұр. Жүйе құбыры белгілі бір тереңдіктен өтетін болғандықтан, жер қазу жұмыстарының жүргізілуі қалыпты жағдай. Әрине, құрылыс жұмыстары жолдың сапасына кері әсерін тигізіп, бірқатар қолайсыздықтар туғызуда. Алайда, бұл қолайсыздықтар уақытша құбылыс екенін атап өткім келеді. Қазіргі таңда біз мердігер мекемелердің әсіресе жолдарды қалпына қайта келтіруін қатаң қадағалауға алдық.
Ескертуге немқұрайлы қараған мердігер мекемелерге талап заң аясында қойылуда. Соңғы екі жылда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізген жалпы 19 мердігер мекемеге қала әкімдігі тарапынан ескерту жолданып, 154 кемшілік қайта қалпына келтірілген. Соттың шешімімен 5 млн.-нан астам айыппұл өндіріліп, екі мердігер мекеме жосықсыз деп танылды. Бұл шаралар өз кезегінде мердігер мекемелердің де жауапкершілігін арттыруға септігін тигізіп келеді, — дейді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.