gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Егістік жерлерді көбейтіп, халыққа мүмкіндік беру керек»

14 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Егістік жерлерді көбейтіп, халыққа мүмкіндік беру керек»
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірімізде мынадай 6 негізгі саланы дамыту көзделіп отыр. Атап айтар болсақ, отбасылық тауарлы-сүт фермаларын құру, мал бордақылау алаңдарын құру, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру, егін шаруашылығын (ауыл шаруашылығы техникасы, жылыжай, құлпынай, таңқурай, гүл, лимон, жүзім) дамыту. Сала мамандары мұның өз кезегінде, жеке қосалқы шаруашылықтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін артырып (жем-шөппен қамтамасыз ету, ветеринариялық іс-шаралар, техника қызметтері, өнім өткізу, ұлғайтылған субсидия алу т.б.), алынатын өнім көлемі мен табысты арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Жалпы халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін өңірімізде мұндай шараларды көптеп жүзеге асырылуда. Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру, оларға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру қарастырылған. Оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген.

– Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту болып отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. Біз облысымызда осы мақсатқа қол жеткізудің жолдарын, тетігін анықтадық. Өңірде 2 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады, оның 80 пайыздан астамы, яғни басым бөлігі ауылда шоғырланған. Ол біздің үлкен мүмкіншілігіміз. Себебі, әрбір ауылдық аула шын мәнінде – табыс көзі. Егістік жерлерді көбейтіп, халыққа мүмкіндік беру керек. Қосалқы шаруашылықтарға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, саланы дамытуға бет бұрған жөн. Осылайша ауыл шаруашылығы өнімдерін еселеу, қайта өңдеу саласын дамыту, импортты алмастыру, азық-түлік бағасын төмендету, жұмыссыздықпен тиімді күресу, әлеуметтік көмекке жүгінушілердің санын азайту, жалпы ауылдың әл-ауқатын көтеруге жол ашылған болар еді, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Ауыл халқын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін оңтайлы шешу үшін пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Мырзахметовтің баяндауынша, республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, жылдық пайыздық мөлшері 2,5 % болатын несие берілмек.

Осы ретте аудандарда ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқтала кетейік. Сайрам ауданында өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Бұл ауданда агросала, оның ішінде мал шаруашылығы саласы өте қарқынды дамып отыр. Солардың бірі – «NUR AGRO» шаруа қожалығы. Қазіргі таңда мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. 3,6 гектар аумақта орналасқан шаруа қожалығы қияр мен қызанақ та өсіреді. Кәсіпкер бұл жобаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын жұмсаған және «Аграрлық несие корпорациясынан» да қомақты қолдау несиесін алған.

Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС 2016 жылдың тамыз айында құрылған. Кәсіпорын ет шаруашылығымен айналысады. Мұнда 40 адам жұмыспен қамтылған. «Қайып ата» ЖШС-і етті Қазақстанға ғана емес, шет мемлекеттерге де экспорттап келеді.

Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жұмысы қарқын ала бастады. Мұнда 8 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешенінде 40-қа жуық азамат жұмыс істеп жатыр. Көкөністің қырыққабат, қызанақ, қияр, құлпынай және бұрыштың сан түрлі сорттары өсіріледі. Сонымен қатар көкөністерді тұқым күйінде егіп, шаруаларға дайын көшет күйінде саудалауда.

Айта кетейік биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несиелер берілетін болатын. Бұл бағытта Түркістан облысына 11 млрд. теңге қаралып отыр. Сала мамандары бұл несиенің нақты жоспары бар, іскер азаматтарға берілетінін айтады. Аудан, ауыл әкімдері жаңа жұмыс орындарын көбейту мақсатында өнім шығаратын жобаларды іріктеп, қолдау көрсетуде. Әсіресе, жылыжайлар санын арттыруға да басымдық беріліп отыр.

Previous Post

Мақтааралдық шаруалар ерте пісетін көкөністер егу жұмыстарын бастап кетті

Next Post

Мақта көлемі азаймақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz