Төлеби ауданында былтыр 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасын іске асыруға 100 гектар қарастырылған болатын. Сала мамандары бұл жоспардың 100 пайызға орындалғанын айтып отыр. Шаруалар 1-ші өнімнен 1632,1 тонна, 2-ші өнімнен 1387,8 тонна өнім алды. Жалпы 3019,9 тонна өнім алынды. Бұйыртса, биыл 1 жерден 2-3 рет өнім алу жобасына 109,8 гектар алқап қарастырылып отыр.
Реті келгенде айта кетейік, жылыжай салу бойынша меже 1 гектар деп бекітілген-ді. Бұл жоспар да ауданда 100 пайыз орындалды. Тамшылатып суғару жүйесін 150 гектар алқапқа енгізу көзделген-ді. Ауданда былтыр 159 гектар алқапқа тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Жоспар 106 пайызға орындалды. Ал, енді 2023 ж тамшылатын суғару әдісі 100 гектар алқапқа енгізілетін болатын. Қарқынды бауды 120 гектарға жеткізу жоспарланған болса, былтыр ауданда 82 гектар алқап қарқынды бауға арналды. Бұл бағыттағы жоспар 68 пайызға орындалды. Бұйыртса биыл 80 гектар алқап қарқын бау болады.
Ауылшаруашылық техникаларының 58-ін жаңалау межеленген-ді. 63 ауыл шаруашылығы техникасы жаңаланды. Жоспар 100 пайыз орындалды. Биыл 66 ауыл шаруашылық техникасын жаңалау көзделген. Сала мамандарының берген статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылдың 1-айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2 млрд 520,4 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция 4 млрд 940,5 мың теңге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 1 млрд 817,4 млн теңгені құрады.
Бұйыртса, биыл ауданда егілетін егіс көлемі 65636 гектарды құрайды. Оның ішінде мал азықтық дақылдар 24569 гектарға, Бидай 14892 гектарға, арпа 7305 гектарға, дәндік жүгері 5 гектарға, майлы дақылдар 10841 гектарға, ноқат 100 гектарға, жаңа жоңышқа 4770 гектарға, картоп 1296 гектарға, көкөніс 1858,3 гектарға егілді.
Күздік егіске 9825 га астық егу жоспарланып, межеленген егістіктің 9690 гектарға егін себіліп, жоспар 98,6 пайызға орындалды. Көктемде егілетін егіске 31152 гектар жер қарастырылған. Жыртылған жер көлемі 20110 гектарды құрады. Ауа райының қолайлығына байланысты жұмыстар жалғасын табады.
Бір алқаптан 2-3 өнім алу, тамшылатып суғару, қарқынды бау егу жұмыстары жа жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Айта кетейік, былтыр облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша 123 ауыл округінде 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Шитті мақтаның түсімділігі гектарына 2,4 центнерге артып (гектарына 28,6 центнерден), 362,0 мың тонна «ақ алтын» жиналды. Сонымен қатар, өңірімізде қарқынды бау 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баудан гектарына 300-350 центнер өнім алынуда.
Жалпы республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша да облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның – 100%-ы, жүзімнің – 76%-ы, бақшаның – 64%-ы, жеміс-жидектің – 40,0%-ы, мақсарының – 29%-ы, жүгерінің – 26%-ы, көкөністің 25%-ы Түркістан облысының үлесінде.
Аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суару технологиясы – 26,1 мың га, жаңбырлатып суару технологиясы 4,2 мың гектарды құрады.
Жылыжайлардың жалпы көлемі 101 гектарға жетіп, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында. Жаңадан 1293 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6%-ға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10%-ға арзандату, сондай-ақ, инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде аванспен алу мүмкіндігі кеңейтілді.



