Төлеби ауданында жол картасы бойынша 3 жоба облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Қазіргі таңда солардың бірі – Кемеқалған ауылдық округінде “Қазығұрт бақтары” АШӨК 500 тонналық қойма құрылысын жүргізіп, 150 млн теңге инвестиция тарту бағытында жұмыс жасауда. Ал, Киелітас ауылдық округіндегі «Агро экспорт -2050» ЖШС (басшысы Хаджиметов Вохитбек) 11 га жылыжай кешенінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлагған. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпороциясы» АҚ арқылы 10 млрд теңге несие алуға құжаттарын өткізген, оң қорытынды күтуде. Сонымен қатар, Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС 1800 бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, мал басын 3000 басқа жеткізу жоспарлагған. Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпороциясы» АҚ-нан 536,0 млн теңге несиеге қол жеткізіп жұмыс істеуде.
Бүгінде ауданда 1280 бас жылқы малы сатып алынып, өсірілуде. Реті келгенде жалпы өңірде мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал басын ұлғайту бағытында атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталсақ. Мұнда ірі қара мал басын 3884 басқа жеткізу, қой басын 20713 басқа жеткізу жоспарланған болатын. жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ, 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдарын ашу, 200 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын іске қосу, 5000 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашу және ауылшаруашылығы кооперацияларын құру жұмыстары да жоспарға сәйкес атқарылуда.
Мал басын ұлғайту бойынша айтар болсақ, ірі қара мал басын 66000-ге жеткізу көзделген болса, бұл көрсеткіш 63377-ді құрады. Жоспар артығымен орындалды. Қой басы 162,6 басқа жеткізу көзделген болса, бұл көрсеткіш 159,3-ті құрады. Жылқы басы 35,6-ға жетті.
Өндірілген өнімге тоқталар болсақ, ауданда 23,1 мың тонна ет өндірілді. Сонымен қатар, 77,4 мың тонна сүт өндірілді. 19,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара малдың орташа тірі салмағы 336,2 келіге жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, жалпы облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде.
Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.
Қазіргі таңда облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады. Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады.
Облыс көлемінде 1 967 ветеринар маманның жұмыс істейтінін айта кетейік. Аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті 257 техникамен және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Өткен жылы жан-жануарлардың аса қауіпті 16 түрлі ауруына қарсы 38 млн. доза вакцина жеткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді.



