gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында жылыжай көлемі 59,3 гектарға жетті

6 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында жылыжай көлемі 59,3 гектарға жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 124,2 млрд тенгенің жалпы өнімі өндірілді (өсімдік шаруашылығы 54,1 млрд теңге, мал шаруашылығы 69,8 млрд теңге) өткен жылмен салыстырғанда 14,2 млрд теңгенің өнімі артығымен өндірілген. Нақты көлем индексі 102,6%. Ауданның облыстағы үлесі – 11,9%.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7,9 млрд теңге, тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 820,8 млн теңгеге жетті.

Ауданда 2022 жылы  төмендегі ірі жобалар іске асырылды. Олар: ЖК «Урунбеков»- диірмен, ЖК «Урунбеков» – май сығу цехы, ЖК «Бегметова» – 400 бастық ІҚМ бордақылау алаңы, ЖК «Теңлібай Нұрлан» — 150 бастық ІҚМ бордақылау алаңы, «Zaure Group» ЖШС — өндірістік жылыжайы, «Юг-Фуд» ЖШС – сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорны және «Айкан» ЖШС-ң құрғақ сүт пен құрғақ сүт сарысуын шығаратын зауыты.

Сонымен қатар, өткен жылы 52,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнімі жиналды. Оның ішінде: 16,3 мың га күздік бидай, 5,8 мың га арпа, 295 га жүгері, 6,6 мың га майлы дақылдар, 3,9 мың га картоп, 6,2 мың көкөніс және 13,5 мың га  мал азықтық дақылдар мен басқа да егіндер егіліп, олардан жиналған өнім 34,8 мың тонна астық, 172,05 мың тонна көкөніс, 101,7 мың тонна картоп, 5499,17 тонна майлы дақылдар және т.б. өнімдер жиналды.

Аудандағы жылыжай көлемі 59,3 гектарға жетті, оның ішінде өндірістік жылыжай – 32,2 га. Есепті жылы жылыжайлардан түскен өнім көлемі: қызанақ 2913 тонна, қияр 3400 тонна, болгар бұрышы 15 тонна, баялды -10 тонна, лимон 3 тоннаны құрады.

Жалпы аудандағы қарқынды бау – 532,5 га жетті. Оның ішінде, Ақбұлақ ауылдық округінде ЖК «Қуатбеков» 19 га жерге қарқынды бау және жүзім егілген. Тамшылатып суғару технологиясының тиімділігі ағын су шығынын 2-3 есе үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

2022 жылы бір алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында 203 шаруа қожалықтары жалпы көлемі 306  га жерге өнім егіп, жалпы 14422 тонна өнім алды. Жоспар 113 пайызға орындалды. Алынған өнім Мәскеу, Қарағанды, Ақтау және Шымкент қалаларында сатылуда.

Реті келгенде былтыр ауылшаруашылығы саласында атқарылған шараларға да тоқтала кетейік. Жалпы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы біздің өңірге тиесілі. Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды. 2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7% болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды  құрады. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп,  25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді.

Егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде:

дәнді және бұршақтық дақылдар – 313,7 мың, мал азықтық дақылдар – 220,9 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,4 мың, майлы дақылдар – 79,9 мың гектарға егілді. Сондай-ақ, 126,3 мың гектарға мақта егілді.

72,3 мың тонна минералды тыңайтқыш 50% жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 96 мың тонна жанар-жағармай босатылды. Агротехникалық іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі гектарына 4,9 центнерге артып (гектарына 24,8 центнерден),  778,0 мың тонна өнім өндірілді.

Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі гектарына 9,5 центнерге артып (гектарына 239,4 центнерден), 2,9 млн. тонна өнім өндірілді.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша 123 ауыл округінде 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Шитті мақтаның түсімділігі гектарына 2,4 центнерге артып (гектарына 28,6 центнерден), 362,0 мың тонна «ақ алтын» жиналды.

Облыста қарқынды бау 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баудан гектарына 300-350 центнер өнім алынуда.

Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша да облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның – 100%-ы, жүзімнің – 76%-ы, бақшаның – 64%-ы, жеміс-жидектің – 40,0%-ы, мақсарының – 29%-ы, жүгерінің – 26%-ы, көкөністің 25%-ы Түркістан облысының үлесінде.

Previous Post

Төлеби ауданында 74 кәсіпкерге дала жұмыстарын жүргізуге жанармай берілді

Next Post

Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай тасмалдау мәселесі күн тәртібінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz