gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамда 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

20 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрамда 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында былтыр 68 өнеркәсіптік кәсіпорындарда 57,5 миллиард теңгенің  өнімі өндіріліп,  2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2021 ж. 12  айы – 46,1  млрд.тңг)   өнім көлемі  124,7%-ға артқан.  Облыстың өнеркәсіп өнім көлемінде ауданымыз екінші орында немесе үлесі  6,6%-ды құрады. Өнеркәсіптің басым саласы өңдеу өнеркәсібінде есепті мерзімде 49,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  (2021 ж.12 айында – 46,3 млрд.тңг)  өнім көлемі 106,2%-ға  артқан.

Сонымен қатар, ауданға 2022 жылға қойылған негізгі капиталға бағытталған инвестиция жоспары – 34,5 млрд.теңге. Яғни, 2021 жылдың деңгейіне 124,5%-ға арттыру жоспары қойылған. 2022 жылдың 12 айында  аудан экономикасын дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 39,4  млрд. теңгені құрады.  Жалпы тартылған инвестицияның 12,4%-ын  бюджеттік инвестиция, 87,6%-ын жеке сектордағы инвестиция құрады.  Адам басына шаққанда инвестиция көлемі 170,9 мың теңгеден келеді.

Есепті мерзімде жалпы құны 2,9 млрд.теңгелік 5 инвестициялық жобалар іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 105 адам. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша айтар болсақ. Біріншісі, ЖК Урунбеков М. (Жібек Жолы а.)  Диірмен құрылысы жобасы. «Жібек Жолы» сауда маркасымен 50 кг, 25 кг-дық бидай ұны.  Жобаның құны 370,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны – 5 адам.

Екіншісі, ЖК Урунбеков Т.  (Жібек Жолы а.)  Өсімдік майын шығаратын цех. «Жібек Жолы» сауда маркасымен 4,5 л; 5 л пластик ыдыстардағы мақта және мақсары майын шығарады. Жобаның құны 37,8 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны – 10 адам.

Үшіншісі, «Юг Фуд» ЖШС  (Шіркін а.)  Сүт өңдейтін зауыт. «Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшіктің 4 түрі шығарылады.  Жобаның құны 100,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны – 10 адам.

Төртіншісі, «ЗӘУРЕ» ШҚ  (Бәйтерек а.)  «6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны 2232,9 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 50 адам.

Ал, облыста 739,5 млрд. теңге ИНВЕСТИЦИЯ бағытталып, +8,6%-ға артты. Оның 476,4 млрд. теңгесі немесе 64,4%-ы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. 2022-2026 жылдарға жалпы құны 1,6 трлн. теңге болатын 71 инвестициялық жобалардың пулы әзірленді. Осылардың есебінен 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында 184 579 шағын және орта кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі +3,5%-ға артты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 247 179 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 10,7 млрд. теңге қаралды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің 43,4 млрд. теңгені құрайтын несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелері субсидияланды (21%-дық несиелер 6%-ға дейін жеңілдетілді). Кәсіпкерлердің 13,2 млрд. теңгені құрайтын несиелеріне Даму қоры арқылы кепілдік берілді. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға гранттар беру үшін бюджеттен 117 млн. теңге бөлініп, 24 кәсіпкерге мемлекеттік гранттар ұсынылды. «Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен–Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылды. Микроқаржы ұйымы арқылы 304 жоба қаржыландырылды.

 

Previous Post

Сайрамда картоп егу жұмыстары басталды

Next Post

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz