gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында биыл 20 мың тонна ет өндіріледі деп жоспарлануда

8 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында биыл 20 мың тонна ет өндіріледі деп жоспарлануда
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында сиымдылығы 40 мың бастық ірі қара мал бордақылау кешені 2023-2026 жылдары 2-кезеңде жүзеге асырылады.  Қазіргі таңда 2 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, жер телімдері бөлінді. 1–кезеңде 11 650 бас ірі қара мал бордақыланса, 2-кезеңда мал бордақылау кешеніндегі ірі қара мал басы қосымша 28 350 басқа көбейеді. Нәтижесінде 800 адам жұмыспен қамтылып, жылына 20 мың тонна ет өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Жоба аясында әкімшілік кеңсе, асхана, мал дәрігерлік бекеті, мал азығын сақтау қоймалары, құрама жем өндіру цехтары, тері және ет өңдеу зауыттары жүзеге асырылатын болады. Құс шаруашылығын дамыту мақсатында 2023 жылға 4 бірлік шағын отбасылық құс фермалары ашылатын болады. Оның ішінде 3 бірлік құс етін өндіру және 1 бірлік жұмыртқа өндіру бағытында құс фермалары. Балық шаруашылығын дамытуда 2023 жылға 4 жеке кәсіпкердің есебінен 227 млн.теңгеге жобасы жүзеге асырылып, сазан, карп шабақтары көлдерге жіберіледі.

Облыс әкімі дархан Сатыбалдының өткен жылдың қорытындысы бойынша берген есебіне назар аударсақ, облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде.

Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.

Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді. Облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады.

Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады. Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер» ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.), Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонналық 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК). Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.).

Айта кетейік, облыс көлемінде 1 967 ветеринар маман жұмыс істейді. Аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті 257 техникамен және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Өткен жылы жан-жануарлардың аса қауіпті 16 түрлі ауруына қарсы 38 млн. доза вакцина жеткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді.

Previous Post

Дизель отынының 1 литрі – 202,0 теңге

Next Post

Сарыағаштық шаруалар 1 алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында белсенді жұмыс атқаруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz